Серіктестер

Түркістан облысында 9 млрд теңгеге мал сүйегін өңдейтін зауыт ашылды

Түркістан 21 қазан, 2026

Түркістан облысының Ордабасы ауданында мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған жаңа кәсіпорын іске қосылды. Темірлан елді мекенінде орналасқан зауыт ірі қара малдың сүйегінен пептон өндіреді. Жобаға жалпы 9 млрд теңге инвестиция бағытталған.

Жаңа өндіріс орнының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Өңір басшысы кәсіпорынның іске қосылуы ауыл шаруашылығы шикізатын тиімді пайдалануға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әкімнің айтуынша, Түркістан облысында мал шаруашылығы жақсы дамығанымен, шикізатты терең өңдеу бағытында әлі де үлкен мүмкіндік бар. Сондықтан өндірісті кеңейтіп, шикізаттан дайын өнімге дейінгі процесті жолға қою өңір экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі саналады.

Жобаны жүзеге асырып жатқан «Huating Biotechnology Co., LTD» компаниясына Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 10 гектар жер бөлінген. Кәсіпорынның бірінші кезеңіне 2,5 млрд теңге инвестиция салынды.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, негізгі технологиялық жабдықтар орнатылған. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 5 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Өндірістің алғашқы кезеңінде пептон компоненттері шығарылмақ. Бұл өнім биотехнология, микробиология және фармацевтика салаларында қолданылады. Алдағы уақытта кәсіпорын желатин компоненттерін өндіруді және тері өңдеу бағытын дамытуды көздеп отыр.

Компанияның бас директоры Чжао Сюйдун жобаға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғыс білдіріп, өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісті.

Жаңа зауыттың іске қосылуы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу көлемін арттыруға, өндірістік бағыттарды әртараптандыруға және инвестиция тартуға жол ашпақ.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.