Серіктестер

⁠Түркістан облысында Білім күні 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Фото: Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысы
Түркістан Бүгін, 11:41

Түркістан облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектеп пен қосымша ғимараттың іске қосылуымен басталды. Солардың бірі Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылында ашылды, деп хабарлайды Turkistan.today.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауылдағы 300 орындық «Шарбұлақ» жалпы білім беретін мектебінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты.

Құны 1,9 млрд теңге болатын үш қабатты мектепте асхана, кітапхана, спорт залы, шеберхана, медициналық кабинет және заманауи оқу сыныптары қарастырылған. Ғимарат электр, жылу, су және кәріз жүйелерімен толық қамтамасыз етілген.

Аймақта білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазір Түркістан облысында 1106 мектепте 550 мыңнан астам оқушы білім алады. Бұл – республикадағы әрбір жетінші оқушы Түркістан облысында оқиды деген сөз.

2024–2025 жылдары өңірде 29 «Келешек мектебі» пайдалануға берілген. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен 13 білім беру нысаны салынып жатыр.

Ал 2027–2029 жылдары 16 830 оқушыға арналған 58 білім беру нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 40 жаңа мектеп пен 18 қосымша ғимарат бар. Жобалар мектеп жоқ елді мекендердегі білім беру мәселесін шешуге, сондай-ақ саман және ыңғайластырылған мектептерді жаңартуға бағытталған.

Бұдан бөлек, күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қажет ететін 115 мектепте реновация жұмыстары жүргізілуде.
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.