Түркістан облысындағы инклюзивті білім беру мекемелері

Түркістан 2 тамыз, 2024

Түркістан облысында инклюзивті білім беру мектептері мен балабақшалары жұмыс істейді

Түркістан облысында инклюзияны қамтамасыз ету бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Бұл мақалада Түркістан облысында қоғамдағы инклюзияның әртүрлі аспектілері және осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар туралы толық ақпарат беріледі,- деп хабарлайды turkistan.today

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасында инклюзияға қатысты негізгі қағидалар бекітілген. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, «Білім туралы» заңда инклюзивті білім беру жүйесі туралы ережелер бар.Қазақстан БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясына қол қойған. Бұл конвенция мүгедектердің құқықтарын қорғауға және олардың қоғамда толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық келісімдер Қазақстанның инклюзия саласындағы міндеттемелерін анықтайды және бұл бағытта нақты шараларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Түркістан облысында инклюзивті білім беру мектептері мен балабақшалары жұмыс істейді. Бұл мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беру бағдарламаларына қатыса алады. Инклюзивті білім беру мектептерінде арнайы педагогтар мен психологтар жұмыс істейді, олар балаларға қажетті қолдау көрсетеді.Инклюзивті білім беру аясында арнайы білім беру бағдарламалары да жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалар ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім деңгейіне және қабілеттеріне сәйкес дайындалады. Арнайы бағдарламалар арқылы балалардың оқу процесіне белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.Ерекше қажеттіліктері бар студенттерге жоғары білім беру мекемелерінде де қолдау көрсетіледі. Түркістан облысындағы университеттер мен колледждерде инклюзивті білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалар студенттердің оқу процесіне толыққанды қатысуын қамтамасыз етеді және олардың академиялық жетістіктеріне қолдау көрсетеді.

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи кезеңінде, өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру ұйымдарының саны көбейіп жатқандығы мәлім. Бұл өте маңызды, бәрінен бұрын, себебі ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар саны азаятын емес және бұқаралық метептің білім беру ортасына балалар жиірек кіруде, бұл елімізде инклюзивті білім берудің дамуындағы оң үрдіс болып табылады. Инклюзивті білім беру моделдерін зерттеу, МШБ-ның әлеуттендіру дағдылары мен коммуникативтік біліктерін дамыту үшін маңызды ресурс ретінде АКТ, интернет-ресурстарды пайдалану мүмкіндігі мен әлеуетін, инклюзивті білім беруді дамытудың аймақтық қоғамдастығын құру және басқару процесінде инклюзивті білім беруді дамытудың тиімді тетіктерін көрсетті.

Білім беру ұйымы инклюзивті ортаны дамыта отырып, инклюзивті мектепті басқаруды бірнеше кезеңде жүзеге асыратын тұжырымдама әзірледі:ерекше қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктері туралы ақпараттар алуға және зерттеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-диагностикалық (білім беру субъектілерінің жеке бейімделушілік ерекшеліктерін диагностикалау); — бағдарлық-пропедевтикалық, оның аясында бейімделген білім беру ортасының даму перспективаларын және қажетті басқару шешімдерін анықтау қамтамасыз етіледі; — әлеуметтік менеджмент технологиясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін базалық-технологиялық. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, бәрінен бұрын бұл білім беру ұйымы МШБ-мен медициналық құжаттама негізінде жұмыс істейді. Тәуекел тобының балаларын бастапқыда анықтау, сабаққа қатысу, мұғалімдерден сұрау және балалардың ата аналарымен жұмыс істеу негізінде жүргізіледі. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтаудың келесі критерийлері атап көрсетіледі: — медициналық айғақтар; — оқу дағдыларын, біліктері мен білімдерін қалыптастыру және автоматтандыру қиындықтары; — интеллектуалды дамуынан баланың артта қалуна күдік; — баланың мүдделері мен қабілеттері тарапынан дәстүрлі жағдайларда әлеуметтік бейімделудің асқынуына алып келетін әр түрлі көріністер; — іс-әрекетін еркін реттеудегі жалпы проблемалар, қозғалыс тежеушілігі және ықыластың бұзылуы көріністері, баланың мінез-құлықының тепе-тең болмауы; — сөйлеуде кез-келген бұзылудың болуы; — көру мен естуге және т.б. күдік келтіру. Ерекше білм алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесі әр түрлі деңгейлі бағдарламалар бойынша және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен жеке бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Түзету компонентін қосу міндетті болып табылады.

Қазақстанда 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Кәсіп таңдау және білімге қол жеткізу мүгедектігі бар адамдарды қоғамда табысты интеграциялауда шешуші рөл атқарады. Бұл ретте, инклюзивті қоғам құру барлық азамат үшін, олардың физикалық, психологиялық немесе зияткерлік ерекшеліктеріне қарамастан, білім алуға, кәсіптік даярлыққа және жұмыспен қамтуға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді. Қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі балалардың мемлекеттік білім беру бағдарламалары шегінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін, конкурстық негізде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуға құқығы бар.

Ерекше білім беру қажеттіліктері (бұдан әрі – ЕБҚ) бар адамдар үшін білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру мақсатында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII Қазақстан заңымен білім берудің барлық деңгейінде ЕБҚ бар балаларды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік кепілдіктер регламенттелген, білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүргізу және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, оқу жоспарларының, бағдарламаларының, білім алушының даму ерекшеліктеріне қарай оның жетістіктерін бағалау жүйесінің өзгергіштігін, икемділігін қамтамасыз ету бойынша нормалар енгізілген. Өз кезегінде, академиялық дербестік шеңберінде колледждер жеке мүмкіндіктер мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеріп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Бүгінгі таңда еліміздің колледждерінде 9,1 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оқиды. Инклюзивті білім беру ортасының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 70% (541) ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған.

Аталған бағыттағы жұмыс Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жалғасуда және тұрақты бақылауда тұр. ЕБҚ бар білім алушылардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу деңгейін арттыру мақсатында Оқу-ағарту министрлігі ТжКБ ұйымдарының үлгілік штаттарына педагог-ассистент лауазымын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына колледждер базасында педагог-ассистенттерді даярлау, интеллекті бұзылған балаларға арналған мамандықтарды енгізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.