Түркістан: Созақ ауданының коммуналдық сала өкілдеріне 27 техника тапсырылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 19 желтоқсан, 2024

Бүгін Созақ ауданына 27 жаңа техника жеткізіліп, коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне тапсырылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Техникалар 12 кент пен ауылдық округтерге, сондай-ақ «Созақ сәулет» және «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына табысталды. Жаңа техникаларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен  ауыл тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалардың маңыздылығына тоқталды. 

– Жаңа техникалардың жеткізілуі тек ькоммуналдық қызметтерді жаңартып қана қоймай, ауданның таза әрі көрікті болуына да үлкен мүмкіндік береді. Ауылдар мен елді мекендерді абаттандыру, көшелердің тазалығы сынды мәселелер обылыс басшысының жіті бақылауында. Ауылдарымыздың әрбір тұрғыны таза ортада өмір сүріп, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артса, біздің мақсатымыздың орындалғаны деген сөз. Қоғамдық жұмысқа жаңа техника қосылған сайын ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы да нығая түседі, – деді облыс әкімінің орынбасары. 
Шарада еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков жаңа техникалар экологиялық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.

Алынған техникалар қатарында LONKING доңғалақты тиегіш, «Shacman 6x4» жүк машинасы, DongFeng ассенизаторы, бульдозер, КАМАЗ-65115 аралас жол көлігі (суару, жуу, қар тазалағыш) және қоқыс тасығыш КАМАЗ-43253  көлігі, JCB 3CX маркалы тиегіш экскаватор мен ассенизатор машинасы, сондай-ақ Газел Next автокөлігі сатып алынды. Бұл техникалар коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға және аудан инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар барлық 12 кент және ауылдық округке Беларус-922.3 маркалы тракторлары жеткізілді. 

Еске сала кетсек,  жыл басынан бері 12 кент және ауылдық округке жоғарғы кеңістіктегі жұмыстарды оңтайландыратын электрлі көтергіш машиналары алынды. Бұған демеушілік арқылы алынған арнайы қоқыс тасымалдауға арналған жетек, көше сыпыру және қар тазалауға қажетті жабдықтармен толықтырылған 5 дана жаңа Беларус 80.1 маркалы тракторлары да қосылып, жаңа техникалардың жалпы саны 44-ке жетті.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.