Серіктестер

Түркістанда 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 588 пәтер тапсырылды

Түркістан Бүгін, 12:26

Түркістан қаласында Республика күні мен қала күні қарсаңында 588 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан жеті қабатты 14 тұрғын үй пайдалануға беріліп, пәтер иелеріне кілттері табысталды.  

Салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Өңір басшысы баспаналы болу әр отбасы үшін маңызды оқиға екенін атап өтіп, тұрғындарға жаңа үйлерінде амандық пен береке тіледі.

Жаңа тұрғын үй кешені 3,5 гектар аумақты алып жатыр. Құрылысқа «Dep Group», «FS Development Group», «Bes stroy» және «ЕвроРемонт Сервис» компаниялары қатысқан. Тұрғын үйлердегі пәтерлердің жалпы ауданы 36 720,6 шаршы метрді құрайды.

Берілген 588 пәтердің 194-і жалға берілетін баспана ретінде қарастырылған. Қалған 394 пәтер азаматтарға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама арқылы ұсынылады. Осылайша, жаңа тұрғын үйлер баспанаға мұқтаж азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған.

Облыс әкімінің айтуынша, 2018-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалпы ауданы 1 миллион 261 мың шаршы метр болатын 23 633 пәтер берілген.

Биыл өңірде 3 мыңнан астам пәтердің құрылысы жүргізіліп, 2 434 пәтер пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде Түркістан қаласында 2 мыңнан астам пәтері бар 43 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілген. Қаладағы жаңа баспаналардың 706-сы жалға берілсе, 1 382 пәтер жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы үлестіріледі.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде 23 мыңнан астам азамат тұр. Бұл қалада қолжетімді баспанаға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Жаңа пәтерлердің иелері қоныстой қуанышымен бөлісіп, мемлекет басшылығына және өңір басшылығына алғыстарын білдірді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.