Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен университеті ғимаратының құрылысы жалғасып жатыр

Фото:  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 1 ақпан, 2025

Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен университеті ғимаратының құрылысы жалғасып жатыр. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу тапсырмасына орай қолға алынған,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, нысанның қазіргі жай-күйімен танысты. Жауапты басшылар мен мердігер компания басшысымен пікір алмасып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдады. 

– Ғимарат биыл аяқталып, оқу жылына толық дайын болуы тиіс. Ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарымен де біраз уақыт кетеді. Сондықтан құрылыс қарқынын төмендетпей, сапалы әрі жүйелі атқарыңыздар, – деген Нұралхан Көшеров 18 қабатты ғимаратты аралап көрді. Сапалы құрылыс материалдарын қолдануды тапсырды.

Бүгінде ғимараттың құрылысы қарқынды. Сыртын қаптау, терезелерін орнату жұмыстары жүруде. Нысан тамыз айында тапсырылады деп жоспарланған. Бірақ мамыр айына дейін аяқтап, тапсыру көзделіп отыр. Жұмысшылар саны да жеткілікті, құрылыс қарқынды.

Айта кетейік, былтыр жауапты министрлік және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Кореяның 70 жылдық тарихы бар Woosong университеті басшылығымен келіссөздер жргізілген болатын. Нәтижесінде Түркістанда аталған оқу ордасының филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл жоғары оқу орнында ІТ және өзге де техникалық мамандарды даярлау жоспарланып отыр. Өндіріске, ауыл шаруашылығын жаңаша бағытта дамытуға қажетті мамандарды даярлау да жоспарға енгізілген.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.