Серіктестер

Түркістанда ерекше жандарға қолдау күшейтіледі

Түркістан 15 қазан, 2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың мәселелерін тұрақты қарастыратын арнайы кеңес құру бастамасын көтерді. Бұл туралы «Шексіз әлем – тең қоғам» атты мерекелік іс-шарада айтылды.

Түркістанда өткен жиынның мақсаты – ерекше жандардың жетістіктерін насихаттау, қоғамдағы тең мүмкіндіктерді қалыптастыру және әлеуметтік қолдау шараларын дамыту.

Өңір басшысы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Ұсынылып отырған кеңес азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарастырып, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етпек.

Облыста оңалту және қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда. Биыл 1 553 адам оңалту шараларымен қамтылып, 18 916 азамат санаторийлік-курорттық емделуге жолданған. Бұдан бөлек, мыңдаған адам протездік, есту және көру қабілетін қолдауға арналған құралдармен қамтамасыз етілген.

Мерекелік бағдарламада өнерпаздар мен паралимпиада чемпиондары өнер көрсетіп, ұлттық би, халық әндері және музыкалық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.

Басқосу қоғамда инклюзивті ортаны дамыту, әр азаматтың әлеуетін бағалау және тең мүмкіндіктер қалыптастырудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.