Түркістанда заңсыз қоқыс төккендер жауапкершілікке тартылуда

Түркістан Бүгін, 09:57

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында тұрақты түрде тазалық іс-шаралары жүргізілуде,- деп хабарлайды turkistan.today

Соның ішінде қала төңірегіндегі жазық аймақтар мен төбелерді қоқыс алаңына айналдырмау мақсатында полиция және учаскелік инспекторлар күндізгі және түнгі рейдтік шараларды күшейткен болатын.

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы нысандарды аралау барысында заңсыз қоқыс тасымалдаушы жүк көлігінің құрылыс қалдықтарын тасып жатқаны анықталды.

Нысан басына учаскелік полиция қызметкерлері шақырылып, ҚР ӘҚБтК-нің  505 бабы бойынша 78 640 теңге айыппұл салынып, қайта қалпына келтіру шарасы қабылданды.

Жалпы жыл басынан бері қала аумағында қоғамдық орындарды ластау мен абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша 8 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылды. Соның ішінде 6273 дерек қоғамдық орындарды ластауға, ал 2051 дерек абаттандыру талаптарын бұзуға қатысты тіркелген.

Нәтижесінде бірқатар жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер заңсыз қоқыс төккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айыптұраққа қойылды. Бұған қоса, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Түркістан қалалық әкімдігі мен полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді бақылау шаралары жалғасуда.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.