17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті,— деп хабарлайды turkistan.today
Старттық матчта отандасымыз ұлыбританиялық Марк Чебанмен (ITF жасөспірімдер рейтингінде 36-орын) шеберлік байқасты. Кездесу барысын толықтай бақылауда ұстаған Заңғар 6:3, 6:4 есебімен екі сетте сенімді жеңіске жетті. Корттағы тартысты бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.
Осы табысының арқасында Нұрланұлы Париждегі Үлкен дулыға турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Жасөспірімдер арасындағы доданың келесі кезеңінде түркістандық теннисші Мотохару Абе (Жапония) – Агасси Рашер (АҚШ) матчының жеңімпазымен кездеседі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.