"Таза Қазақстан": Арыс пен Бәйдібекте көздің жауын алатын әсем гүлдер мен ерекше ағаштар отырызылуда

"Таза Қазақстан": Арыс пен Бәйдібекте көздің жауын алатын әсем гүлдер мен ерекше ағаштар отырызылуда
Түркістан облысында «Таза өлке» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстарымен қатар аудан, қалаларды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жандана түсті,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция аясында Арыс қаласындағы орталық алаңдар мен саябақтар, демалыс орындарды көріктендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Орталық Әл-Фараби алаңы маңында вазондарға әсемдігі көз тартатын түрлі-түсті тагетис гүлдер отырғызылды. Алдағы уақытта қаладағы саябақтар мен аллеяларда гүлдерге көмкерілмек.
Егілетін гүлдер де әр алуан: роза, канны, ирис, маргарита, виола сынды көпжылдық және маусымдық гүлдер.

Жалпы, жыл соңына дейін, қаланы көркейту-көгалдандыру бойынша 13 мың дана гүл отырғызу жоспарлануда. Бұл жұмыстарды «Qazaq Real Stroi» ЖШС жүргізуде.
Бұдан бөлек Арыс қаласына кіреберіс аспалы көпір маңы, И.Ақынбеков көшесі бойына лигустра көшеттерін отырғызу басталды. Жапырағы мол, сәнді бұталы лигустра көшеттері қала келбетіне көрік келтіріп қана қоймай, тұрғындарға аптап ыстықта жайлылық та ұсынбақ.

Көшеттерді «Жасыл Арыс» мекемесі отырғызуда. Шара «Таза өлке» апталығы аясында өтіп жатқандықтан, жасыларыстықтарға көмекке 50-ден астам ерікті жастар атсалысты.
Бәйдібек ауданы да республикалық акцияға белсене қатысып, «Таза өлке» апталығы аясында аудан орталығындағы саябақтар мен аллеяларға көшеттер отырғызу, гүлзарларға гүлдер егу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудандық «Жасыл саябақтар» мекемесінің қызметкері Шаян ауылындағы гүлзарларға және балалар саябағы мен аллеяларға 516 түп туя, 318 түп шынар ағаштарын отырғызды. Сондай-ақ 1000 түп раушан гүлдер егілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0