Теміржол көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралардың бірі болып саналады. Талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттелген, деп хабарлайды Turkistan Today.
Жұқпалы аурулардың таралуына байланысты соңғы оқиғалар мен сын-қатерлерді ескере отырып, жоғарыда аталған нормалардың сақталуына назар аудару қажет. Айта кету керек, бұл талаптар жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жағдайларын қамтамасыз ету және теміржол қызметкерлеріне қолайлы жұмыс жағдайларын жасау үшін де қажет.
Санитариялық қағидалар жолаушылар вагондарын жобалауға, пайдалануға және ұстауға қойылатын талаптарды, сумен жабдықтауға, жылытуға, желдетуге, кондиционерлеуге және жарықтандыруға қойылатын талаптарды қамтиды.
Жолаушылар пойызға отырмас бұрын пойыздың құрамын қалыптастыру, жабдықтау және отырғызуға тапсыру қажет, немесе келген құрам кері рейске дайындалады, яғни айналым пункті бойынша дайындық жүргізіледі. Алайда, бұл пойыз құрылып жатыр ма, әлде айналым бойынша дайындалуда ма, оны дайындауға санитариялық қағидалармен реттелетін белгіленген талаптар қойылады.
Жолаушылар пойыздарын қалыптастыру пункттерінде толық даярлау және жабдықтау, ал айналым пункттерінде (кері рейс) ішінара даярлау және жабдықтау жүргізіледі.
Толық дайындық мыналарды қамтиды:
1) вагондардың сыртын жуу – кузовты шаю, шыныларды, өтетін алаңдарды, тұтқаларды, баспалдақтарды жуу;
2) вагондарды дезинфекциялық өңдеу;
3) ішкі және санитариялық-техникалық жабдықтарды жөндеу;
4) желдету жүйесін тазарту, кезеңділіктің еселілігіне сәйкес ықтиярсыз желдету сүзгілерін ауыстыру;
5) вагондардың ішкі үй-жайларын және жабдықтарды жинау;
6) вагондарды алынбалы жабдықтың заттарымен жабдықтау;
7) ауыз су және отын құю;
8) вагондарды алмалы-салмалы мүкәммал заттармен – таза, құрғақ ақаулары жоқ төсек-орын жабдықтары және төсек-орын жабдықтары жиынтығымен қамтамасыз ету;
9) жолаушылар вагондарының керек-жарақтары нормаларына сәйкес жуу және дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыру;
10) медициналық қобдишаны жол бойында пайдаланылғандардың орнына дәрі-дәрмектермен және таңу материалдарымен толықтыру.
Айналым пункттері бойынша ішінара дайындық жүргізіледі, оған мыналар кіреді:
1) дәретханалар мен қоқыс жәшіктерін дезинфекциялық өңдеу;
2) ішкі жабдықты (өтінім бойынша) жөндеу;
3) вагондардың ішкі үй-жайлары мен жабдықтарын ылғалды жинау, жуу;
4) ауыз су және отын құю.
Сонымен қатар, жолаушылар пойызының құрамына келесі вагондарды пайдалануға және қосуға жол берілмейді:
1) суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесі, жылу, желдету, электр жарығы, санитариялық-техникалық жабдықтар, тоңазытқыштар, дәретханалардағы су ағызу тетігі ақаулы;
2) микроклимат параметрлері сәйкес келмейтін;
3) үй-жайлары лас, әйнектері сынған немесе жоқ, жылдың салқын және ауыспалы кезеңінде терезе жақтаулары бекітілмеген, есіктері ақаулы;
4) тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштер бар;
5) алмалы-салмалы мүкәммалмен және жабдықтармен жеткіліксіз түрде жиынтықталған;
6) жатын вагондардың төсек-орын керек-жарақтарымен және төсек-орын жаюдығымен жеткіліксіз түрде жиынтықталған.
Жолаушылар пойызының жүру жолында вагонның үй-жайлары таза ұсталады. Үй-жайларды ылғалды жинау тәулігіне кемінде екі рет, дәретханаларды ылғалды жинау тәулігіне кемінде төрт рет, кілемшелер мен жұмсақ жиһаздарды шаңнан тазарту шаңсорғышпен тәулігіне кемінде екі рет және ластануына қарай жүргізіледі. Ылғалды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, арнайы киіммен жүргізіледі.
Таза және пайдаланылған төсек-орын жабдықтарын бір жерде бірге сақтауға жол берілмейді. Жолаушылар пойызының жол жүру бойында және айналым пункттерінде пайдаланылған төсек-орын жабдықтары аузы байланған қаптарда сақталады.
Қоқыс қақпағы және салынған полиэтиленді қапшығы бар қоқыс жинағышқа салынады. Қоқыс жинағыш шағын дәліздегі вагонның қызметтік емес соңында орналасады, алынбалы астары болады.
Жол бойында жиналатын қоқыс вагондардан жол бойындағы теміржол станцияларындағы қоқыс жинағыштарға шығарылуы тиіс, олардың тізімі жолаушылар пойыздарының қызметтік кестесімен және технологиялық қозғалыс схемасымен айқындалған.
Пойыздың жүру жолында дәретхананы пайдалану режимі сақталуы тиіс. Жолаушылар пойызының әрбір вагонында барлық темір жолдар бойынша санитариялық аймақтардың шекаралары туралы ақпарат ілінеді, ол арқылы пойыздың жүруі және осы қағидалардың сақталуы қамтамасыз етіледі. Вагондарды тұйық үлгідегі дәретхана жүйелерімен жабдықтау кезінде оларды пойыздың барлық жол бойында және тұрақтарда пайдалануға жол беріледі.
Аялдамаларда, ірі теміржол станцияларынан, санаторийлік-курорттық және қала маңындағы аймақтардан, тоннельдерден, көпірлерден өткен кезде, жабдықтау және тоқтап тұру пункттерінде дәретханаларды пайдалануға жол берілмейді.
Осылайша, теміржол көлігіне қойылатын осы және басқа да санитариялық талаптар жолаушылар вагондарын жобалау мен пайдаланудан бастап, вагондарды тазалауға және қажетті жабдықтармен жабдықтауға дейінгі көптеген аспектілерді қамтиды. Пойыздар миллиондаған адамдар үшін жүрудің негізгі құралы екенін есте ұстаған жөн, және олардағы қызмет көрсету сапасы мен санитариялық нормаларды сақтау өте қажет, себебі бұл жолда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.
Айгуль КАСПАНОВА,
ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.