Еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы басталған болатын,- деп хабарлайды turkistan.today.
Игі бастамаға төлебиліктер де қолдау білдіріп, аудан аумағында 29 600 дана көшет отырғызған. Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.
Сондай-ақ, аудан көлемінде инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл желектерді бүлдіру жағдайларын алдын алу жұмыстары қолға алынған. Өңірдің белсенді жастары, елдімекен тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер ауқымды акцияда белсенділік танытуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.