Түркістан облысы еліміздің туризм саласында ерекше орын алатын өңір

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 29 қыркүйек, 2023

Президент айтқан екі мәселе. Оның Түркістан облысы үшін маңыздылығы

Президенттің осы жолғы Жолдауы тұтастай экономикалық бағытқа арналды. Әлемде геосаяси жағдай күрт құбылып, мұның салқыны экономиканы тұралата бастады. Дегенмен Президенттің өзі айтқандай, Қазақстан геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан экономикадағы өсімді сақтап қалды. 
Жолдауда Мемлекет басшысы екі мәселеге тоқталды және бұл екеуі де Түркістан облысы үшін маңызды. Оның біріншісі туризмге қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.

-Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді,-деді Президент. 

Түркістан облысы еліміздің туризм саласында ерекше орын алатын өңір. Туризмнің әлеуетін біз қаншалықты пайдаланып жатырмыз? Дәл қазір бұл сұраққа бір ауыз сөзбен жауап беру қиын. 

Мемлекет басшысы Жолдауында:
-Су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады. Жалпы, осы саланың материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу керек,-деді.

Түркістан облысының шаруалары соңғы жылдары ағын судан таршылық көріп келе жатқаны жасырын емес. Су шаруашылығындағы реформалар, Су ресурстары министрлігінің құрылуы осы проблемалардың оңтайлы шешілуіне септігі тиеді деген сенімдеміз.  Сонымен бірге Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталды. Оның ауқымын кеңейтуді тапсырып, жобаның игілігін бүкіл ел көруі қажеттігін айтты. Бұл жобаның жүзеге асуына бәріміз де атсалысуымыз қажет деп ойлаймын.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы

604

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.