Түркістан облысында 2023 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 1 000 977,2 млн.теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға көбейді. Бұл жайында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов брифингте айтты.
«Өнеркәсіп өндірісінің едәуір үлес салмағы (49,2%) - тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында. Өндіріс көлемінің өсуі тоқыма өндірісінде – 41,7%, жиһаз жасауда – 33,8%, мұнай өнімдерін өндіруде – 23,3%, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруде – 21,2%, машина жасауда – 12,1%, тамақ өндірісінде – 6,9%. Сондай-ақ, республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі бойынша облыс көш бастап тұр. Облыста ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабы 870,2 мың гектарға жетті. Өңірде 2023 жылы ет өндіру 2022 жылғымен салыстырғанда 3,2%-ға артып, 254 мың тоннаны құрады. Республика бойынша Түркістан облысы қой саны ең көп аймақ ретінде танылып отыр», - деді Нұрқожа Ермекұлы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.