Серіктестер

Ualikhanov University студенттерді мамандыққа қалай дайындайды?

Фото: Ualikhanov University
Фото: Ualikhanov University
Жаңалықтар 3 қыркүйек, 2026

Бүгінде мансапты сәтті бастау үшін бір ғана диплом жеткіліксіз. Жұмыс берушілер жас маманның білімімен қатар, практикалық дағдыларына, командамен жұмыс істей білуіне, заманауи технологияларды меңгеруіне және нақты кәсіби міндеттерді шеше алу қабілетіне назар аударады.
 

Ualikhanov University-де болашақ мамандыққа дайындық оқу кезінде-ақ басталады. Университеттің негізгі қағидаттарының бірі – «оқу – практика – жұмыс». Бұл тәсіл студенттерге кәсіби ортаға біртіндеп бейімделіп, жұмыс берушілердің талаптарымен танысуға және диплом алғанға дейін алғашқы тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Аудиториядан кәсіби ортаға

Маман даярлаудың маңызды бөлігі – практика мен тағылымдамалар. Университет Ақмола облысының кәсіпорындары және ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, студенттерге алған білімдерін нақты жұмыс жағдайында қолдануға мүмкіндік береді.

Практика болашақ мамандықпен тікелей байланысты. Болашақ педагогтар мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждерде тәжірибеден өтсе, медициналық бағыттағы студенттер денсаулық сақтау ұйымдарында білімдерін шыңдайды. Ал болашақ заңгерлер бейінді мекемелерде алғашқы кәсіби тәжірибесін жинайды.

Практика барысында теория алғаш рет нақты жұмыспен сыналады. Студент өз мамандығына қатысты тапсырмаларды орындап, жұмыс үдерістері мен кәсіби талаптармен танысады, әріптестерімен өзара әрекеттесуді үйренеді. Ал жұмыс беруші болашақ маманның әлеуетін көріп, оның кәсіби дағдыларын бағалай алады.

Жұмыс берушілермен тікелей байланыс

Студенттердің кәсіби ортамен байланысы практикамен ғана шектелмейді. Ualikhanov University-де жұмыс берушілермен кездесулер, қонақ дәрістер, шеберлік сабақтары және бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Мұндай шаралар студенттерге еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс бар екенін және мансапты сәтті бастау үшін қандай құзыреттерді дамыту қажет екенін оқу кезінде-ақ түсінуге мүмкіндік береді.

Бұл бағытта Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы да маңызды рөл атқарады. Мұнда студенттер практика мен тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы ақпарат алып, бос жұмыс орындарымен танысады және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алады. Сонымен қатар резюме дайындау мен сұхбаттасудан өтуге көмек көрсетіледі.

Жұмыс берушілермен байланыс мамандарды даярлау үдерісінде де ескеріледі. Кәсіби қауымдастық өкілдері білім беру бағдарламаларын талқылауға қатысып, еңбек нарығындағы өзекті талаптармен бөліседі және университетке саланың нақты сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді.

Мамандыққа алғашқы қадам – дипломға дейін

Өңірлік университет үшін еңбек нарығымен байланыс ерекше маңызды. Ақмола облысына білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, аграрлық сектор және басқа да салалар бойынша білікті мамандар қажет.

Сондықтан университеттің міндеті – студентке теориялық білім берумен ғана шектелмей, алған білімін практикада қолдануына жағдай жасау.

«Оқу – практика – жұмыс» қағидаты студенттің кәсіби траекториясын кезең-кезеңімен қалыптастырады: алдымен білім алады, кейін нақты жұмыс ортасында өзін сынайды, жұмыс берушілермен байланыс орнатады және еңбек нарығына шығуға дайындалады.

Нәтижесінде мамандыққа алғашқы қадам диплом алғаннан кейін емес, университетте оқу барысында-ақ басталады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.