Жанымхан Жаналтай: Біздің көмекке разы болған түрік ағайын көзіне жас алды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 25 ақпан, 2023

Жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға туысқан түркі жұрты түгел жұмылып, көмек қолын созып жа­тыр. Соның ішінде Қазақстан халқы азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмектен бөлек, 70-ке жуық киіз үй жіберді. Апат оша­ғы саналатын Қахраманмараш про­винциясында сол 70 киіз үйді тігуге 50-ге жуық Түркия қазақтарын бастап барған Kazakder ұйымының негізін салушы Жа­нымхан Жаналтайға хабарласып, әңгі­ме­лескен едік,деп Turkistan Today хабарлайды turkystan.kz дереккөзіне сүйене отырып.

– Әлеуметтік желіден зілзала бол­­­­ған аймақтардың бірінде үрейі қашқан халыққа Kazakder де­ген жазуы бар желетке киген Түр­кия қазақтарының жаппай кө­мектесіп жатқанын көрдік. Сұ­растыра келе, ол жаққа елуге жуық қазақтарды бастап апарған сіз екенін әрі Ыстанбұлда құ­рыл­ған Kazakder ұйымын бас­қара­тын да өзіңіз екенін білдік. Ал­ды­мен өзіңіз, сосын Kazakder ұйы­мы туралы бірер сөз айта отыр­саңыз.
– Аты-жөнім – Жанымхан Жа­нал­тай. Ыстанбұлда туып-өскен қа­зақ­пын. Кезінде Алтай губернаторы, Үрім­шіде құрылған Шынжаң аралас өл­келік үкіметінде Қаржы министрі бол­ған Жанымхан Жаналтайдың не­мересімін. Қырық жастамын. Не­гізі, мен 2003 жылы Қазақстанға кө­­­шіп келгенмін. Астанада «Самұрық-Қа­зына» компаниясында тоғыз жыл­дай жұмыс істедім. Сосын төрт жыл­дай Астана халықаралық қаржы ор­талығында еңбек еттім. Қазір Қа­зақ­станда екі ағылшын серіктесіммен бір­ге консалтинг компания ашып, бір­ге жұмыс істеп жатқаныма үш жыл­дың жүзі болды. Отбасым, үш ба­лам бар. Үш баламның біреуінен ау­тизм белгілері анықталған соң екі жыл бұрын Түркиядағы арнайы мек­тепке алып келдім. Қазақстанда он­дай мектеп таба алмадым. Сондықтан соңғы екі жыл бойы екі елдің ор­та­сын­да жүремін. Үш жыл бұрын Түр­кия қазақтарының басын біріктіретін қауым­дастық қажет екенін түсініп, Ыстанбұлда жеке кеңсесі бар үлкен қауым­дастық құру идеясы туды. Сөй­тіп, бірге өскен азаматтар басымыз бірі­гіп, Түркияда тұрып жатқан жаңа жас буын өкілі ретінде ата-ана­ла­ры­мыз­дың күшімен орнаған бірлік пен бере­кені одан әрі арттыру ісін қолға ал­дық. Алғашында Kazakkent Altay Derneği деп ашылған едік. Қазір Kazakder атауын брендке айналдырып жа­тырмыз. Біздің мақсат – Түркияға не­месе Қазақстанға ғана емес, жалпы тү­рік әлеміне қызмет ету. Қазір бар на­зарымыз Түркияда болып тұр. Ке­ше ғана 6 ақпанда жойқын жер сіл­кінісінен зардап шеккен Түркияның Қах­раманмараш қаласынан орал­дым.
Жанымхан Жаналтай: Біздің көмекке разы болған түрік ағайын көзіне жас алды– Зілзала болған он облыста қан­ша қазақ тұратыны туралы де­рек бар ма сізде?
– Табиғи апат болған аймақтарда ал­ты ғана қазақ отбасы тұрады. Оның екеуі Газиантепте, екеуі Ха­тай­да, қалған екеуі Адыяманда. Зілзала сал­дарынан қатты зардап шеккен Ха­тай провинциясында Мұстафа Өз­түріктің туысқандары болған екі адам үйіндінің астында қалып қойып, қайтыс болды. Ал екінші от­ба­сы тұрып жатқан үйлерінен дер ке­­зінде шығып үлгерген, бірақ де­не­ле­рін­де аздаған жарақаттары бар. Қа­­зір Ыстанбұлда туыстарының үйі­­не тұрақтады. Адыяман айма­ғын­да тұратын бір қазақ отбасы дін аман, тек үйлері опырылып түскен­дік­­тен, тұруға жарамсыз. Қазір олар да Ыстанбұлдағы туыстарының үйін па­налады.
– Сіз бұл қайғылы хабарды ес­­тігенде қайда едіңіз? Қахра­ман­­марашқа тек Ыстанбұл қа­зақ­­тары бармаған болар? Қалай топ­тастыңыздар?
– Мен бұл хабарды естігенде Қа­зақ­станға жол жүргелі отыр едім. Со­сын дереу қауымдастықтың кең­се­сіне жиналып, қолымыздан не ке­ле­тінін ақылдастық. Кейін зілза­ла­ның ауқымы біз ойлағаннан да үлкен еке­нін естігенде бірден іске көшуіміз ке­рек екенін түсіндік. Түркия елі ке­зін­де бізді құшақ жая қарсы алды. Жер берді, су берді. Бар жылуын ая­ма­ды. Олардың басына қара бұлт үйі­ріліп, қиын күн түскенде біз де сырт қалмай, аталарымыздың аты­нан көмек қолын созуға енді біздің ке­зегіміз келгенін түсіндік. Алға­шын­да тағам, киім-кешек, жылытатын пеш­тер, көрпе секілді аса қажет зат­тар жібердік. Сосын журналист Нұр­бек Бекбаудың жүз киіз үй апаруға қа­тысты көтерген бастамасын есті­дік. Нұрбек екеуіміз зілзаладан зар­дап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған бір топқа тіркелгенбіз. Сол топ­та киіз үйге қаражат жиналып жат­қанын естіген соң «Түркияда тұ­ра­тын қазақ диаспорасы ретінде сіз­дерге көмектесейік. Жүз киіз үйді тігу оңай емес. Сендерге ол үйлерді құ­рысатын көп адам қажет. Қарсы бол­масаңдар, біз барып көмекте­сейік» деп жаздым. Одан бөлек, та­мақ пісіретін заттар, киім-кешек апар­­­ғы­мыз келді. Оған қоса, киіз үй­дің ішін жы­лытатын пештерге тап­сырыс бер­дік. Сөйтіп, ол пештерді құ­­быр­­ла­ры­мен бірге Қахраман­ма­раш­қа алып бардық. Онда қырық алты қазақ бір ав­тобуспен бардық. Үш көлікке мін­ген қазақтар арты­мыз­дан келді. Қы­рық алтының үшеуі Ниг­де про­вин­циясынан келді. Он бі­рін жолай Ан­караға соғып алып кет­тік. Ал қал­ғаны – Ыстанбұл қа­зақ­­тары.
Жанымхан Жаналтай: Біздің көмекке разы болған түрік ағайын көзіне жас алды– Әлеуметтік желіде киіз үй құратын адам таппай жатыр де­ген хабарламаны көзіміз шалған еді. Ол жаққа елу адам болып бар­­ған сіздер Қазақстаннан кел­ген­дер­ге қосылып өздеріңіз-ақ құра­ды екенсіздер ғой.
– Иә, ол туралы мен де ес­тідім. Бі­р­есе «қыр­ғыз­дар құрып бе­реді», ен­ді бірде «тү­ріктер өздері құ­рып ала­ды» дегенді ес­тідік. Бірақ киіз үй­лер­­дің көбін біз алып кел­ген жастар тікті. Бір-екі күннен соң Ала­ния, Ан­­­­­талия жақ­та тұра­тын қазақтар қауым­дасты­ғы­ның өкіл­дері үш кө­лік­пен ке­ліп, қа­тарымызға қосылды. Сөй­­тіп, бәріміз қосылып, киіз үй тік­­­тік. Негізі, біздің онда барған бас­ты мақ­­­сатымыз да сол болды ғой. Жет­­піс­ке жуық киіз үйді Қазақ­стан­нан кел­ген сегіз-тоғыз адам құра ал­­­­май­ды. Біз қаражат жинау бас­тал­ған кез­де-ақ көмектесеміз дедік қой. Не­гізі, киіз үйді Қазақстан мен Түр­кия қазақтары бірлігіміз жараса ті­ге­міз деп ойлаған едік. Олай болмай шық­ты. Басында «Ешкім атсалыс­па­сын. Өйтпесін. Бүйтпесін» деген әң­гіме шықты. Бірақ біз көмектеспесек, олар ештеңе бітіре алмас еді. Бітірмей қайтып кетуші еді. Онсыз да жұмыс­ты соңына дейін бітірмей қайтып кетті. Соңы­на дейін біздің жігіттер жүрді. Мұн­дай жерде келіспеушілік бола­ты­ны белгілі ғой. Бірақ мақ­са­тымыз бір болғандықтан, түрік бауырлардың ал­дында дауласпайық деп «Мейлі, әң­гі­мені көбейтпей көмектесейік» деп шештік.
– Әлеуметтік желіде сіздер құр­ған жетпіс киіз үйдің түгеліне жер­гілікті халықтың орнығып ал­ғанын көрдік.
– Иә. Бос орын жоқ. Біз негізі жұ­­­ма күні қайтпақ болғанда біразы бос тұр­ған еді. Қайта алмай сенбі күні қай­та барсақ, бос орын жоқ, халық кі­ріп алған. Жалпы, сол жерде тұрып жат­қан түрік ағайындар ризашы­лы­ғын білдіріп, қолымызды қысып, құ­шақтап, бетімізден сүйіп, шексіз ал­ғысын білдірумен болды. Кей­біреу­лері көзіне жас алып, жылады. Қатты қуанды. Көпшілік түріктер киіз үй ту­ралы білмейтін шығар деп ойлай­тын болар. Бірақ кейбіреулері түрік телехикаяларынан көрген. Ал енді бірі оның өте қолайлы баспана ек­е­нін, суық өткізбейтінін жақсы біледі. Ке­лесі бірі «Кәдімгі үй секілді ғой» деп бар білетін дерегін айтып жүр. Көп­­­шілігі ішіне кіріп көрген соң «Ра­сымен, үй секілді екен ғой!» деп қуа­на-қуана ішіне көшіп кірді. Айта ке­терлігі, ол жаққа әлі тағы көп киіз үй керек. Жеткіліксіз.
– Ә дегенде Түркияға киіз үй апа­­­­руға қатысты қоғам пікірі екі­­­ге бө­­­лінді. Бірі палатка апар­ған әлде­қай­­да дұрыс десе, енді бірі киіз үйден ар­­тық ештеңе тап­пайтынын алға тарт­­ты. Қай­сы­сы пайдалы, қайсысы тиім­­сіз еке­нін өз көзіңізбен көріп қай­т­тыңыз ғой. Жоғарыда айтқа­ныңыз­­ға қарағанда, киіз үйдің пай­­да­сы көбірек тиген секілді.
– Палатка ары кетсе екі аптаға жа­рар, одан ұзаққа шыдамайды. Әрі олар киіз үй секілді емес, суық бо­ла­ды. Әрі-беріден соң жел соқса, па­лат­каны ұшырып әкетеді ғой. Жалпы, Қах­раманмараш – таудың етегінде ор­наласқан қала. Тау жақтан адам­ның бетін тілетіндей өктем жел есетінін өз көзімізбен көрдік. Тұп-ту­ра өңменіңнен өтіп кететін Аста­на­ның желі. Сондықтан киіз үйдің пай­дасы көп. Қазір Еуропа мен Араб елдері, Жанымхан Жаналтай: Біздің көмекке разы болған түрік ағайын көзіне жас алдыТүркияның өзі де контейнер үй­лер жасақтап, ол аймақтарға әке­ліп, орнықтырып жатыр. Киіз үй қо­лайлылығы жағынан ол үйлерге жет­­песе де, тиімділігі жағынан па­лат­­ка­дан үш есе көп деп есептеймін. Тү­рік­­тер де мұны жақсы біледі. «Осында киіз үй тігіліп жатыр екен ғой» деп жү­гіріп келгендер болды. Қах­раман­ма­раш маңындағы бір ауыл­дан жүз адам біз киіз үй тігіп жатқан аумаққа кө­шіп келуге мәжбүр болды. Сонда киіз үйдің қолайлылы­ғы туралы есті­ген сол ауыл тұр­ғын­дары «Есікті ашың­дар! Бізге де орын беріңдер!» деп дауласты. Түркия үкіметі жа­нын­дағы апаттар мен тө­тенше жағдайлар бас­қармасының (AFAD) өкілдері ол үй­лерге орныға­тын адамдарды ар­найы тізім бойын­ша кіргізді.
– Екі елдің ортасында жүр­сеңіз де, Түркиядағы қазақ жас­та­ры­на жол көрсетіп, жөн сілтеп жүр­­геніңізге риза болып отыр­мыз.
– Мен бұл жұмысты бәрінен биік қоя­мын. Біз – Түркияға көшіп келген ұр­пақтың үшінші буынымыз. Жо­ғары­да айтып өткенімдей, жаңа буын ре­тінде осындағы қазақтар арасын­да­ғы береке мен бірлікті арттыру жо­лында тынбай жұмыс істейміз. Мұн­да өмір сүріп жатқан ұрпақ өс­кен сайын қазақшаны ұмытып бара­ды. Ана тілдің не үшін керек екенін білмейді. Өкініштісі сол, қазіргінің жас­тары технология, интернеттің ық­палынан ассимиляцияның құр­сауын­да қалды. Әсіресе, кейінгі кезде бұл процестің үдей түскенін бай­қай­мыз. Ойлап қараңыз, бір ғана Ыс­тан­бұл­да бір Қазақстан халқы тұрады. Мек­тепте түріктерден бөлек басқа ұлт­тармен бірге оқиды. Қазір осында кө­шіп келген сириялықтардың саны ар­тып барады. Осындай көптің ішін­де балалар кім екенін ұмытпасын де­­ген мақсатты көздеп, қазақшылық­ты насихаттауды басты міндет етіп ал­дық. Туысқандық дәстүр – қазақы тәр­биенің мәйегі. Бәрі де содан ба­с­та­ла­ды. Жеті атамызды, жеті ұрпақты бі­леміз. Біздің ең үлкен байлығымыз – біздің ұрпағымыз, біздің ше­жіре­міз. «Қалай келдік?», «Қайда бара жа­тырмыз?» дегенді бүгінгі ұрпақ са­насына сіңіруі қажет. Сондықтан ал­дымен балалардың қазақшаны же­тік білгеніне мән бергіміз келеді. Қа­зақилықтың не екенін алдымен ба­лаларымызға үйреткіміз келеді.
Жанымхан Жаналтай: Біздің көмекке разы болған түрік ағайын көзіне жас алды– «Отандастар» қорының бас­та­масымен шетелдегі қандас­тар­ға арналған қазақ тілі курстары­на балалар қатыса ма?
– Қазір бізге балаларды қазақ ті­­ліне онлайн форматта оқыту тиім­сіз болып тұр. Өйткені планшетке не­месе компьютерді қолына алған ба­ла бәрібір интернетке кіріп, қызық қуып, басқа пайдасыз дүниелерді қа­рамай қоймайды. Әлбетте, «Отан­дастар» қорының ұйымдастырған кур­сының берері мол. Көпшілігі үй­ре­ніп жүр. Бірақ балалар офлайн фор­матта оқыса дейміз. Алдағы уа­қыт­та «Отандастар» қорымен бірле­сіп, жаңа жоба бастамақпыз. Ыстан­бұл­да тұ­ра­тын қазақ тілінің маманы табыла қал­са, балаларға қазақ тілінен курс аш­пақ­пыз. Қор жалақысын төлеп оты­рады. Жоғарыда айтып өтке­нім­дей, біздегі жаңа буын мен Қазақ­стан­нан келгендердің тіл табыса ал­­майтын себебі тіл білмегендіктен бо­лып отыр. Түркиядағы қазақ жас­тарының тоқсан бес пайызы, мүмкін одан да көбі қазақша сөйлей алмай­ды. Оларда үйренетіндей қызығу­шы­лық та жоқ. Бұл негізі ата-ананың нұс­қауымен болатын нәрсе ғой. Бі­рақ Түркияда туып-өскен ата-аналар осы жерге әбден сіңіп, тілі мен дәс­түрін ұмыта бастаған. Балаларына қа­­­зақшаның керегі шамалы деп ой­лауы мүмкін. Қазақ тілін үйрету ісін өз күшімізбен жүзеге асыра алмай­мыз. Себебі ол үшін қыруар қаражат қа­жет. Сондықтан «Отандастар» қо­ры­ның көмегімен қауымдастық­тың кеңсесінде біраз жұмыс атқарамыз деп сенемін. Кеңсемізде ересектермен қатар балаларға да жағдай жасалған. Түркияға жетпіс жыл бұрын аман-есен келдік. Осы уақыт ішінде жақсы­лық­тар да болды, қиындықтар да бол­ды. Қалай болғанда да, құдайға шү­кір, осы күнге басымыз аман, бауы­рымыз бүтін болып жеттік. Ал ен­ді бұл күнге жеткен соң мұның қа­дірін түсініп, бөтен ортаға келсе де, қазақилығын көзінің қара­шы­ғындай сақтаған, салт-дәстүрді берік ұс­танған, ата-әжелеріміз салып бер­ген жолды жалғастыруымыз қажет. Kazakder ұйымы осы мақсатты көз­де­ген жастардың басын біріктіріп, 2018 жылдың жазында ашылған еді. Кейін пандемия кезінде адамдар бір-бірінен алыстап кетті. Бірақ панде­мия аяқталған соң көп жұмыс атқар­дық. 2020 жылы атқарған шаруа­лары­мызды үлкен жинақ қылып шы­ғардық. Былтыр жазда Түркия­да­ғы ұлы көштің жетпіс жылдығына орай Ыстанбұлда Еуропа мен Түр­кия­дан келген екі мыңға жуық қазақ­тың басын қосып, дүбірлі той өткіз­дік. Бізбен мүдделес жастардың қа­тары күннен-күнге көбейіп келеді. Түр­кияда үкіметтік жұмыста, халық­ара­лық компанияларда, беделді ме­ке­мелерде жұмыс істейтін көп қаза­ғы­мыз бар. Қауымдастықтың ішінде Turkish Airlines әуежолы компания­сын­да қызмет ететін екі қазақ пилот, төрт мықты дәрігер бар. Оның бірі әс­керде жұмыс істейді. Бес полицей аза­матымыз бар. Президент Режеп Тайып Ердоғанның күзет қызметінде жұмыс істейтін қазақ жігіт бар. Олар­дың басын біріктіру оңай емес, бірақ бәрінің көздегені, діттегені бір мақ­сат – қазақтардың берекесін арттыру, қа­зақилығын сақтап қалу.
– Әңгімеңізге рақмет! Іске сәт!

Сұхбаттасқан
Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.