Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі өз қызметіне заманауи технологияларды кең ауқымда енгізуді жалғастырып, ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді түрде қолдануда,— деп хабарлайды turkistan.today
ТЖМ төтенше жағдайлардың ауқымын жедел бағалауға және құтқарушылардың іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік бере отырып, ҰҰА табиғи өрт ошақтарын, мұздақ көлдерді, су басу аймақтарын және басқа да төтенше жағдайларды әуеден визуалды бақылау кезінде үлкен көмек көрсететін айтты. Сонымен қатар аппараттар гидротехникалық құрылыстардың, орман алқаптарының және ықтимал қауіпті учаскелердің жай-күйін профилактикалық бақылау үшін пайдаланылады. Оларға орнатылған дауыс зорайтқыштардың көмегімен халықты құлақтандыру жұмыстары да жүргізіледі.

Жасанды интеллектті оптикалық және теледидарлық жабдықтармен бірге пайдалану биіктікте және едәуір алыс жерде объектілерді: адам көзіне көрінбейтін жердегі адамдарды, көлік құралдарын, кемелерді анықтауға және бақылауға, сондай-ақ оқиға орнында тікелей жергілікті жердің карталарын жасауға мүмкіндік береді.
Айта кетелік, ТЖМ иелігінде 218 ұшқышсыз ұшу аппараты бар, оның ішінде 153 ҰҰА жасанды интеллект функцияларымен жарақталған. 2025 жылы және 2026 жылдың өткен кезеңінде ТЖМ бөлімшелері ҰҰА қолдану арқылы 3000-нан астам операция жүргізіп, олардың барысында 46 адам құтқарылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.