Жапонияға ұзақ уақытка келген адамға медициналық сақтандыру жасатуға кеңес беріледі. Ол үшін тұратын жеріндегі мөлтек ауданға барып, «Хоккен» (медициналық сақтандыру осылай аталады) жасату керек. Жасатудан алдын айына осы елден қанша айлық аласың соны сұрайды, егер ақша алмасаң 0 йен деп айтасың, сонда ең төменгі жарна төленеді – 4500 йен (15 750 тн), деп хабарлайды Turkistan Today.
Бұл «хоккенің» ең қарапайым түрі болғандықтан медициналық емге кеткен шығынның 70%-н көтереді, яғни 30%-н пациент төлейді. Егер «хоккенің» қымбат түрін төлесең, 100%-на дейін сақтандыру компаниясы төлеп береді. Жапонияда адамдар мемлекеттен көмек күтпейді, өздері істейтін ірі компаниялар барлығын көп жағдайда төлейді. Аз ақша алатын адам, аз төлейді, байыған сайын төлейтін жарна арта береді. Осында ірі жапондық компанияда жұмыс істейтін танысымыздың үйінің жалдау ақысын, әйелінің және баласының «хоккенін» компания төлеп беріп отырады.
Жапонияның медициналық сақтандыруының біздің елімізден басты екі айырмашылығы бар:
1) біздегідей бухгалтер ай сайын айлығынның 2-3%-ын ұстап қалмайды, өзін барып ай сайын төлейсің;
2) медициналық карта жеке меншік медициналық орталықтарда да жарайды (поликлиника, стоматология, массаж орталықтары, бассейн, аптекадан дәрі алу, тренажер орталығы және т.б. денсаулығыңа оң әсерін тигізетін барлық қызметтер).
Сонымен қатар, балалардың «хоккенінің» үлкендердікінен артықшылығы – 18-ге толғанша медициналық қызметтер 100% сақтандырушы компания есебінен төленеді. Яғни, балардың медицинасы тегін десе де болады.Дәрігерге көрінген соң, дәрігер пациент туралы барлық ақпаратты сол клиниканың базаға салады, рецепті жазып қояды. Көрсетілген қызметтің 30%-н төлейсін (мысалы, тұмаумен ауырып барсаң «хоккенді» пайдаланып 2000 йен шамасында төленеді, тенгемен 7 мың тг).
Содан соң, сол полиникаға қарайтын дәріханаға барып, хоккенді көрсетесің, дәріханашы базадан рецепті көріп, саған қажетті дәріні береді. Дәрі арнайы пациенттің аты-жөні жазылған пакетке салынып, сырттана сағат қаншада, аптасына неше рет ішу керек жазылады. Яғни, басқаша айтқанда, ешкім «ешқашан» рецепсіз аспирин де сатып ала алмайды. Дәріханада көрсетілген сумманың 30%-н ғана төлейсін. Мұнда барлық дәріханадағы дәрілердің бағасының бір-бірінен айырмашылығы жоқ.
Неге біздің елімізге осындай медициналық сақтандыру жүйесін еңгізбеске?
Егер еңгізілсе:
Сонда, жеке-меншік медицианлық орталықтардың арасында бәскелестік артып, мемлекеттік емханалардың есігінің алдындағы кезек азаяр еді.
Сонда, медициналық сақтандыруға кетіп жатқан ақшаны әр адам өз қажетіне жарата алатын еді.
Дегенмен біздікі тек ұсыныс, елімізге пайдасын тигізу жолындағы көрген-білгенмен бөлісу...
Бекжан ҚОСАЛБАЕВ,
Жапония, Токио
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.