Марокко құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

Марокко құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

Марокко құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испанияны жеңіп, тарихта алғаш рет мундиалдың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Кездесудің негізгі және қосымша уақытында бірде-бір команда есеп аша алмады. Матчтан кейінгі пенальти сериясында Испания құрамасының футболшылары Пабло Сарабия, Карлос Солер және Серхио Бускетс 11 метрлік соққыларын орындай алмады.

Марокко үшін пенальтиді Абдельхамид Сабири, Хаким Зиеш және Ашраф каким жүзеге асырды. Марокколық қорғаушы Бадр Банананың соққысын Испания құрамасының қақпашысы Унай Симон қағып түсірді.

2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасы Криштиану Роналдо атты жұлдызы бар Португалия құрамасымен ойнайды.

Фото: ғаламтор желісінен алынған

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0