Бүгін Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Turkistan.today.
Бастама аудандағы «Жібек жолы» кеден бекетінен бастап, республикалық маңызы бар автожол бойына дейін жалғасты. Тазалық жұмыстары барысында күл-қоқыстар шығарылып, ағаштар әктелді. Тазалық жұмыстарына аудандағы еріктілер мен белсенділер, жастар және мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысуда.
Бұдан бөлек, экологиялық акция аясында аудандағы орталық аурухананың қызметкерлері де аурухана маңында тазалық жұмыстарын қолға алған. Тазалық денсаулық кепілі екенін жіті түсінетін медицина қызметкерлері де науқанда белсенді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.