Латыш тілін меңгермеген орыс тілді зейнеткерлер елден қуылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 9 сәуір, 2023

Латвия елінде барлық орыс тілділер 1 қыркүйекке дейін латыш тілін меңгеріп, емтихан тапсыруы керек. Әйтпесе, билік тұрақты тұруға тыйым салады. Содан кейін оларды депортациялау күтіп тұр.

Жақында жергілікті БАҚ екі әйелдің қайтыс болғанын хабарлады. Екеуі де латыш тіліндегі курстарға қатысқаннан кейін қайтыс болған деген сыбыс тараған. Зейнеткерлер емтихан тапсырардан бұрын уайымнан күйзеліске түскен, деп жазады Turkistan Today  mk.ru-ға сілтеме жасап.

Бұрын жұмыс істегісі келетіндерге латыш тілін тапсыру керек болатын. Сондықтан жастар тілді үйреніп, жұмыс істеген. Ал зейнеткерлер Кеңес Одағы кезіндегідей сол кезде тұрып қалған сыңайлы. Елде үкімет өзгергенімен, орыс зейнеткерлерінің ортасы өзгеріссіз қалған. Сондай-ақ олар тарихи отанына оралғысы келмейді. Өйткені сол мемлекетте туды, өсті, қартайды. Оның үстіне тілді үйрететін курстар да да пәленбай сомма. Ал ондай қаражатты бірінің қалтасы көтерсе, бірі көтермейді. 

Балалары да, немерелері де жоқ жалғыз жандар көп. Мүгедектер де жеткілікті. Ал емтиханнан өтпеуге тек мүгедектерге және психиспансерде есепте тұрғандарға рұқсат етілген екен. 

Латвияның тәуелсіздігін алғанға 30 жылдан астам уақыт өтті. Бұл жылдың ішінде ешкімге тілді меңгеру міндеттелмеген. Жайбарақат өмір сүрген. Латыштықтар да "өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген мәтелге мән беріп, ана тілін асқақтатқысы келген сыңайлы.

21.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.