СЕНСАЦИЯ! Қазақстан футбол құрамасы Дания құрамасын жеңді!

СЕНСАЦИЯ! Қазақстан футбол құрамасы Дания құрамасын жеңді!

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан құрамасы өз алаңында Дания құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Turkistan Today.


Бастапқы құрамдар келесідей болды:

Қазақстан: Шацкий, Габышев, Малый, Марочкин, Әліп, Вороговский, Оразов, Тағыберген, Бейсебеков, Зайнутдинов, Самородов;

Дания: Шмейхель, Меле, Нельссон, Кьер, Бах, Йенсен, Нейгор, Хьйбьерг, Винн, Хейлунн, Дамсгор.

Алғашқы минуттардан-ақ қонақтар бастамаға ие болды, максималды жылдамдықты қоспай, Даниялықтар үзіліске дейін екі гол соғып үлгерді. Алдымен өз алаңынан пас берген Расмус Хейлунн Сергей Малыйды итеріп жіберіп, Игорь Шацкийдің үстінен асырып гол салды, содан кейін алаң иелерінің қарбаластағы қорғаушылары өз айып алаңынан допты алып шыға алмай жатқанда дубль жасады. Қазақстандықтар бірнеше жақсы соққылар жасады, бірақ Каспер Шмейхельдің қақпасына айтарлықтай қауіп төнген жоқ.

Екінші таймда Магомед Адиевтің шәкірттері мүмкіндік туа салысымен қақпаға дәл көздеуге тырысты.Абзал Бейсебеков бағанаға дәл тигізе алды, сосын төрешінің айтуынша, қонақтардың айып алаңында допқа қолы тиюіне байланысты, Бақтияр Зайнутдинов пенальти арқылы есеп айырмасын қысқартты.Көп ұзамай Асхаь Тағыберген алыстан бағыттаған добымен есепті теңестірсе, одан кейін Абат Айымбетов есепті 3:2-ге жеткізді.

17 маусымда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариномен кездеседі.

Қазақстан - Дания 3:2 (0:2)

Голдар: Хайлунн 21 (0:1), Хайлунн 36 (0:2), пенальтиден Зайнутдинов 73 (1:2), Тағыберген 86 (2:2), Айымбетов 89 (3:2)

Қызыл қағаз: Айымбетов 90+5.

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0