Бибісара бір мысал ғана...

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Спорт 23 сәуір, 2023

Дәл солай ұлттық құрамадағы басқа қыздардың да қазақшасы оңып тұрған жоқ. Жалпы қазақ шахматының қазақшасы өте нашар. Былтыр Астанадағы әлем чемпионатынан мемлекеттік тілде бір ауыз сұхбат ала алмай қайтқам. «Принципті түрде сөйлемейміз. Не істейсің?» - деп тұрып алды. Сосын биыл бармадым. Бәрібір сол әңгіме болатынын білемін. 

Негізі салада бір-екі ұлтжанды азамат бар. Бірақ, олардың өзін біресе Конституциямен, біресе КНБ-мен қорқытады. Кейде игнор жасайды, кейде, керісінше, соларға жабылып жатады. Соған қарамастан тіл үшін әлі күресіп жүр. Ең бастысы – отандық шахматтың ішінде осындай қозғалыс бар. Қалғаны уақытпен реттелуі керек. 

Реттеледі де. Өйткені, менің сол кездегі жанайқайымнан кейін шахмат федерациясының инстасы мен сайты қазақша жаза бастады. Көпшілік қазақшаны талап ете бастады. Енді, ұлттық құрамадағы қыздар, ананы-мынаны сылтаурата бермей, өз ана тілдеріңді меңгеруге кірісіңдер. 100 сөз жаттасаңдар, жетеді. Сұхбат беруге жетеді. Онсыз да жүздеген комбинацияны жаттап жүрсіздер. Оның қасында 100 сөз деген не?! Бәрібір соған келеміз. Сондықтан қазірден нете беріңіздер..., Аслан Қаженов өзінің фейсбук парақшасында жариялады деп хабарлайды Turkistan Today.

1.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.