Қостанайда аламан бәйге өтті

Қостанайда аламан бәйге өтті

Бүгін Қостанай облысы Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай асыл тұқымды жылқылары арасында кезекті бәйге өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бәйге Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы мен Республикалық «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен өтті.

Аламан додаға отызға жуық жылқы қатысып, жарыс көркін қыздырды.

Аталмыш жарысқа Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ғауез Нұрмұхамбетов пен Сергей Карплюк, сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтады.

Сонымен, жарыс нәтижелеріне келер болсақ:

Ұшқыр бәйге 1400 м. «Көркем» жүлдесі:

1-орын «Самғау» тұлпары, шабандоз – Лобас Вероника, бапкері – Құлтасов Алмаз, ат иесі –  Құлтасов Қабылқалым (Ақмола облысы);

2-орын «Быстрая Звезда» тұлпары, шабандоз – Борган Игорь, бапкері және ат иесі –  Барановский Эдуард (Қостанай облысы);

 3-орын «Золотой» тұлпары, шабандозы және бапкері Никонов Михаил, ат иесі Барановский Эдуард (Қостанай облысы).

Ұшқыр бәйге 2400 м. «Запуск» жүлдесі:

1-орын «Нұржайна» тұлпары, шабандозы және бапкері – Белдібаев Ескендір, ат иесі – Қабажаев Айбат (Қостанай облысы);

 2-орын «Сардар» тұлпары, шабандозы – Өтеген Қуаныш, бапкері – Омаров Жанат, ат иесі – Сапашов Алишер (Қостанай облысы);

 3-орын «Замандас» тұлпары, шабандозы – Харитонов Тимур, бапкері – Белдібаев Ескендір, ат иесі Әбдірахманов Нұрбол (Қостанай облысы).

 

Құнан бәйге 7000 м. «Қазанат» жүлдесі:

 

1-орын «Қаңтар» тұлпары, шабандозы – Төребаев Асқар, бапкері және ат иесі Тоқмурзин Қадырбек (Қостанай облысы);

2-орын «Марал Қасқа» тұлпары, шабандозы – Айтпай Олжас, бапкері және ат иесі Құсаинов Мұратбек (Қостанай облысы);

3-орын «Нұрберген» тұлпары, шабандозы – Харитонов Тимур, бапкері Белдібаев Ескендір, ат иесі – Әбдірахманов Нұрбол (Қостанай облысы).

Аламан бәйге 20 000 м. «Қостанай қаласы күніне арналған» жүлде:

1-орын «Ласка» тұлпары, шабандозы – Баймағамбетов Сабыржан, бапкері  – Әуесханов Есімжан, ат иесі – Алхатов Бақытжан (Солтүстік Қазақстан облысы);

2-орын «Либерия» тұлпары, шабандозы – Ильясов Самир, бапкері Қужанов Ескендір, ат иесі – Водопьянов Владимир (Қостанай облысы);

3-орын «Тафия» тұлпары, шабандозы – Рымхан Нұртілеу, бапкері Клишев Дамир, ат иесі  – Тасмұхамбетов Әділет (Ақмола облысы).

Турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры болып табылды.

Жарыс барысында көрермендер бәйгеден бөлек өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаны да тамашалады.

Айта кетейік, осы жылдан бастап ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы Қостанай жылқыларының арасында бәйге спортынан жарыстарды жүйелі өткізуді қолға алды. Негізгі мақсат – жалғыз Қазақстандық зауыттық жылқы тұқымы – Қостанай асыл тұқымын қолдап және дамыту.

Бүгінде ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының президенті белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов болып табылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0