Қазіргі таңда, worldometers мәліметінше, әлемде 8 млрд адам бар. 2021 жылы 7,9 млрд болды, көрсеткіш бір жылда 0,84% көбейді.
Айта кету керек, бірнеше жыл бұрынғымен салыстырғанда табиғи өсім төмендеген. Мәселен, 2020 жылы халық өсімі 1,05%, 2019 жылы — 1,08%, 2018 жылы — 1,1%, 2017 жылы — 1,12% болды.
Жылдық өсу қарқыны 1960 жылдардың аяғында шамамен 2%-ға жетті. Содан бері бұл көрсеткіш екі есеге жуық азайды және алдағы жылдары да төмендей береді.
Жынысы бойынша, statisticstimes.com сайтының мәліметінше, әлемде 3,97 млрд ер адам бар, бұл жалпы халықтың 50,42%-ы. Әйелдер саны 3,9 млрд, бұл тиісінше халықтың 49,58%-ы. Яғни, ер адамдар әйелдерге қарағанда 65,5 млн-ға көп.
2021 жылы әлемде гендерлік қатынас 100 әйелге 101,7 ер адамды құрады. 1957 жылға дейін әйелдер ерлерге қарағанда көбірек болды. Осы жылдар ішінде ерлер мен әйелдердің арақатынасы өсті: 1950 жылы 100 әйелге шаққанда 99,7 еркектен 2011 жылы ең көп дегенде 101,7 еркекке дейін жетті. 2100 жылы коэффициент 100,3-ке дейін төмендейді деп күтілуде.
Көптеген елдерде ерлерге қарағанда әйелдер көп. Бірақ халқы ең көп екі ел, Қытай мен Үндістанда ерлердің саны айтарлықтай жоғары. Дәл осы елдер әлемдегі ер адам санының көбеюіне ықпал етеді.
Жасына қарай балалар мен жастардың ішінде ерлердің саны айтарлықтай көптігінен тепе-теңдіктің бұзылғаны байқалады. Мәселен, 2021 жылы туғаннан 4 жасқа дейінгі әрбір 100 қызға 106,3 ұл, 5 жастан 9 жасқа дейін 106,6, 10 жастан 14 жасқа дейін 106,9, 15 жастан 19 жасқа дейін 107,1 ұл баладан келеді. Жастар арасында жағдай былай: 20–24 жас аралығындағы 100 қызға шаққанда 106,7 жігіт, 25 пен 29 жас аралығындағы 100 қызға — 106,2 жігіт.
Неғұрлым ересектер арасында ерлердің әйелдерге қарағанда басымдығы 50 жасқа дейін соғұрлым азая береді. 50 жастан бастап әйелдер саны еркектерге қарағанда басым бола бастайды. Мәселен, 2021 жылы 50-ден 54 жасқа дейінгі жас санатындағы 100 әйелге 99,8 ер адам, 60 пен 64 жас аралығында — 95,4 ер адам, 70 пен 74 жас аралығында — 86,1 ер адам, 80 мен 84 жас аралығында — 70,4 ер адамнан келеді.
Неғұрлым айқын айырмашылық қарттар арасында байқалады: 85-тен 89 жасқа дейінгі егде жастағы адамдар санатында 2021 жылы 100 әйелге 60,7 ер адам, 90 жастан 94 жасқа дейін — 48,7 ер адам, 95 жастан 99 жасқа дейін — 36,7 ер адам, 100 жастан жоғары — бар болғаны 27,8 ер адам.
Көптеген елдерде әрбір 100 жаңа туған қызға 105 ұл баладан келеді. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) туу кезіндегі «күтілетін» жыныстық қатынасы: гендерлік кемсітушілік немесе араласу болмаған жағдайда, ара қатынас 100 қызға шаққанда 103-107 ұл бала арасында өзгеруі мүмкін.
Алайда кейбір елдерде туу кезінде жыныстық қатынаста айқын теңгерімсіздік байқалады, оны тек биологиялық айырмашылықтармен түсіндіруге болмайды. Атап айтқанда, мұндай теңгерімсіздікке ұшыраған елдер: Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Черногория, Оңтүстік Корея, Тайвань, Тунис және т. б.
Оның басты себептерінің бірі — жынысына байланысты түсік жасату. Ұлға артықшылық беру Шығыс және Оңтүстік Азияда, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың кейбір елдерінде жиі кездеседі. Ourworldindata дерегінше, іштегі баланың қыз екені анықталған жағдайда олардан бас тартып түсік жасатудың бірнеше себебі бар.
Қыздарды кемсітудің тағы бір түрі немесе босанғаннан кейінгі жыныстық таңдау деп аталатын нәрсе — баланы өлтіру немесе немқұрайлы қарау нәтижесінде нәрестені өлтіріп алу.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.