Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданында болған ауыр өрттен соң оқиға орнына дереу барды.
Ол қаза тапқандардың туған-туыстарымен кездесіп, жағдайды өз көзімен көрді. Әкім жауапты органдардың басшыларына нақты тапсырмалар беріп, аудандық ауруханадағы жарақат алған тұрғындардың жағдайымен танысты.
Көшеровтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы үкіметтік комиссия құрылып, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.
«Алғабас ауылында болған бұл қайғылы оқиға hepіміздің қабырғамызды қайыстырды. Өрт салдарынан адамдар көз жұмып, зардап шеккендер бар. Қазір барлық құзырлы органдар өрттің туындау себебін анықтап жатыр. Тергеу толық және әділ жүргізіледі. Облыс әкімдігі тарапынан қаза тапқан және жараланған азаматтардың отбасыларына медициналық, психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Марқұмдарды жерлеу рәсіміне де көмектесеміз. Жағдай біздің тұрақты бақылауымызда. Қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылданады. Қайтыс болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын, жарақат алғандарға тез сауығып кетуді тілеймін», — деді өңір басшысы.
Оқиға қалай болды
18 қараша күні таңертең «101» пультіне Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты тұрғын үйдің өртенгені жөнінде хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толықтай отқа оранғаны анықталды. Жалын 360 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өртті сөндіру кезінде үш адам ес-түссіз күйде сыртқа шығарылып, дәрігерлерге тапсырылды. Ал үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, жалпы саны 12 адамның денесі табылған.
Оқиға орнында аудан әкімі, прокуратура, полиция және ТЖД бөлімдері жұмыс істеуде. Сонымен бірге облыстық ТЖД басшысы мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы да ауданға келді.
Президент тапсырмасына сәйкес облыс әкімі жетекшілік ететін арнайы жұмыс тобы құрылды. Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.