Алматыда шала туған сәбилерді зағиптықтан сақтайтын ерекше операциялар жасалды

Медицина 7 мамыр, 2025

Бұл хирургиялық тәжірибенің төрт күні ғана емес еді – осы төрт күннің ішінде шын мәнінде жанарлар, жарық әлем мен болашақ құтқарылды. Өйткені сәби шақтан көру қабілетінен айрылып қалу  – тек медициналық диагноз емес. Бұл – әлемнен, гүлдерден, ананың жүзінен, нұрға жанасудан, қозғалуға қорықпаудан, үйрену, ойнау, армандау мүмкіндіктерінен де айырылу деген сөз. Соқырлық – бұл бүкіл тіршілігіңді қараңғылыққа көметін түпсіз тыныштық. Бірақ, егер дер кезінде үлгерсеңіз – осы тыныштықты тоқтатуға болады,- деп хабарлайды turkistan.today

Шеберлік дәрісі Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында (Алматы қ.) шала туылған нәрестелер ретинопатиясының ауыр түрлерін емдеуге маманданған әлемге әйгілі үнді офтальмологиялық хирургы, доктор Нихил Палдың қатысуымен өтті. Төрт күн ішінде оның жетекшілігімен дәрігерлер бригадасы Қазақстанның 12 облысынан келген 14 балаға 20 ота жасады. Ең кішкентай науқастың жасы  небәрі – 2,5 айлық.

Шеберлік дәрісінің өзекті тақырыбы балалар офтальмологиясындағы ең күрделі де қорқынышты диагноздардың бірі: шала туғандардың ретинопатиясы (РН) болды. 

Дүниежүзінде көз торының осынау ауруы жаңа туған нәрестелерді соқырлыққа душар ететін негізгі себептерінің бірі. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан астам шала туған нәресте дүниеге келсе, олардың 4 мыңға жуығы ретинопатия қаупімен бетпе бет келеді.  

«Соңғы жылдары ретинопатия Қазақстанда сәбилер соқырлығының нағыз індетіне айналды. Бұл күн сайын емес, сағаттап өршитін ауру. Егер кешіктірсеңіз, бала анасының жүзін ешқашан көрмей өтуі мүмкін», - дейді еліміздің жетекші балалар офтальмологы Әсел Шәріпова.

Соңғы 10 жылда осы мәселеде Қазақстанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді: ерте диагностикалық хаттамалар енгізілді, 40-тан астам офтальмолог оқытылды, аймақтық бригадалар құрылды. Бірақ, осы уақытқа дейін ауыр, терминалды кезеңдерде балаларды емдету үшін шетелге баруға мәжбүр болды, өйткені елімізде ең күрделі витрэктомия  отасы жасалмайтын.

Бұрын балалар көру қабілетін қайтару үшін осындай күрделі араласулар жасау үшін шетелге жіберілетін.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.