Елімізде АИТВ індетін жұқтырғандар саны артуда. АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы, ол ағзаға енген кезде иммундық жүйеге әсер етеді. АИТВ-ны жұқтырған адам өзінің жұқтырғанын білмеуі де мүмкін, өйткені ол ұзақ жылдар бойы өзін толықтай сау сезінуі мүмкін,- деп хабарлайды turkistan.today
АИТВ-инфекциясының қауіптілігі – ауруды жұқтырған адам ауру туралы білмей, басқа адамдарға жұқтыру көзі болып табылады.
Дегенмен, инфекция организмде біртіндеп дамып, иммундық жүйенің жасушаларына әсер етеді, иммунитетті төмендетеді. Ақырында ЖИТС диагнозы қойылады – жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы. Аурудың осы кезеңінде адамның иммунитеті айтарлықтай әлсірейді және кез келген ауру адамға өлім қаупін төндіруі мүмкін. Бүгінгі күні аурудың дамуын кешіктіретін
АИТВ-инфекциясына қарсы вакцина жоқ.
АИТВ-ның берілу жолдары туралы білу маңызды. Иммундық тапшылық вирусы ағзаның көптеген биологиялық сұйықтықтарында: қанда, сперматозоидтарда, қынаптық сұйықтықта, емшек сүтінде болады.
Вирус үш жолмен беріледі:
• Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде (презервативсіз немесе басқа қорғаныс құралдарынсыз);
• Қан арқылы, инъекциялық препараттарды енгізуге арналған инелер мен шприцтерді, сондай-ақ стерильді емес медициналық құралдарды пайдалану кезінде;
• Құлақты тесу, денені тесу, татуировка жасау үшін стерильді емес инелерді қолданғанда;
• АИТВ-жұқтырған анадан балаға жүктілік, босану және емшек сүтімен емізу кезінде.
Адамның иммунтапшылығы вирусы келесі жағдайларда жұқпайды: сүйіскенде, жөтелгенде, түшкіру, қол алысу арқылы, жәндіктер мен жануарлардың шағуы арқылы, ортақ ыдыстар арқылы, дәретхана немесе душты ортақ пайдалану кезінде, төсек-орын жаймалары арқылы.
Айта кетелік, вирусты денеде тек арнайы қан сынағы арқылы анықтауға болады - АИТВ антиденелерін анықтау кезінде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.