Арыста республикалық акция аясында жасыл екпелер шарбақпен қоршалып, ағаштар ретке келтірілуде

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 11 сәуір, 2024

Арыста «Таза өлке» апталығы қарқынды жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде, қала сәулетін бұзатын, иесіз қалған ескі ғимараттарды сүруден бастап, арық-атыздар мен каналдарды тазалау, жасыл екпе егу, оны күтіп ұстау секілді ауқымды жұмыстар атқарылуда. 
Мәселен, Арыс-Шымкент тас жолы бойына егілген жасыл екпені шарбақпен қоршау барысы. Бұл жұмыстарды «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары асқан ыждахатпен істеуде. Ағаштарды тиісті өлшеммен біркелкі етіп қырқудан бастап, оның сыртын сырлау, орнатуға дейін мекеме қызметкерлері өздері жасауда. Мақсат – қалаға кіреберіс көше бойындағы жасыл белдеуді қорғау әрі қаланың сәулеттік келбетін жақсарту. 


Бұдан бөлек, тас жол бойында ағаштардың қураған бұталарын қырқу, ретке келтіру жұмыстары да басталды. Бұл шара ең бірінші кезекте облыстық маңызы бар жол бойындағы жолаушылар мен автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін қолға алынды. Сондай-ақ қараағашқа тән ауру ошақтарының таралуын болдырмауға көзделген. Бұл жұмыстарды «Qazaq Real Stroi» ЖШС жүргізуде.
Мұндай жүйелі қырқу жұмыстары зиянкестердің азаюына ықпал етеді, сондай-ақ жас өскіндердің өсуіне сеп болатыны анық.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

386

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.