Түркістанда «Turkistan Brand Craft Fair – 2026» халықаралық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған 200-ге жуық шебер қатысуда, деп хабарлайды turkistan.today
Жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірінен және шетелден келген шеберлер өз бұйымдарын таныстыруда. Көрмеде керамика, ағаш, былғары, металл, киіз, тоқыма, зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен экологиялық өнімдер ұсынылған.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев іс-шараның қолөнерді дамыту мен туризмді ілгерілетудегі маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Түркістан қаласында 40-тан астам қолөнерші еңбек етеді.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – шеберлерге тәжірибе алмасуға, өнімдерін таныстыруға, жаңа тұтынушылар мен серіктестер табуға мүмкіндік беру. Келушілер бұйымдарды тікелей шеберлерден сатып ала алады.
Іс-шараға Түркия мен Үндістаннан келген қолөнер саласының өкілдері де қатысып жатыр. Сонымен қатар «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері өз тауарларын ұсынуда.
Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы 8 айында Түркістан облысына келген туристер саны 347,6 мың адамға жетті. Өңірде туризм саласына 612 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 19,2 мың жаңа жұмыс орны ашылған.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.