Орталық Азиядағы су мәселесі, трансшекаралық қауіпсіздік және жаңа көлік дәліздерінің дамуы өңір елдері үшін өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мәселе экономикалық ынтымақтастық арқылы бейбіт жолмен шешілуі тиіс. Бұл туралы саясаттанушы Бақыт Бакетаев Berkinbayev_podcast-та мәлімдеді, деп хабарлайды Turkistan.today.
Сарапшы Орталық Азия қауіпсіздігіне қатысты сұраққа жауап бере отырып, өңірдегі су ресурстары мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, мемлекеттер тарихи тәжірибеге сүйене отырып, ортақ мәселелердің тиімді әрі бейбіт шешімін таба алады.
«Бұл сұрақтар бейбіт жолмен шешіледі деп ойлаймын. Экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдер табылады. Мұнда Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы жетекші елдердің бірі ретінде маңызды рөл атқарады», – деді ол.
Сарапшының пікірінше, өңір елдерінің басшылары арасындағы өзара түсіністік пен прагматикалық саясат қақтығыстардың алдын алуға мүмкіндік береді.Басшыларымыздың саясаты дана болуы керек. Біз бір-бірімізге қарсы окопта қалмауымыз қажет.
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолы не өзгертеді?
Сұхбат барысында Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының Орталық Азияның экономикалық географиясына ықпалы да сөз болды.
Сарапшы жаңа теміржол бағыты Қазақстанның транзиттік әлеуетін айналып өте алмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа көлік дәліздері Каспий теңізіне шығатын бағыттармен байланысып, Қазақстан арқылы өтетін логистикалық мүмкіндіктерді кеңейте алады.
«Қазақстан – үлкен ел, оны айналып өту мүмкін емес. Сондықтан бұл теміржол түптеп келгенде Каспийге, ал Каспий арқылы Қазақстанға шығатын болады», – деді ол
Оның пікірінше, өңір мемлекеттерін байланыстыратын барлық көлік бағыттары ең алдымен тиімді, жылдам және бизнес талаптарына сай болуы қажет.
Экономика өз заңын талап етеді.
Посткеңестік кезеңнен қалған кейбір мәселелердің уақыт өте келе экономикалық қажеттіліктерге байланысты шешіледі.
«Бизнес заңдары өз талабын қояды. Меніңше, түптің түбінде бұл мәселелердің барлығы Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында шешімін табады», – деді ол.
Сарапшы ШЫҰ-ның соңғы 25 жылдағы даму қарқынына да баға берді. Оның айтуынша, ұйым бірден емес, біртіндеп қалыптасқанымен, бүгінде халықаралық деңгейдегі маңызды институтқа айналып келеді. Ұйым 25 жыл бойы баяу болса да, сенімді түрде алға жылжыды. Бүгінде ол іргелі халықаралық институтқа айналып, экономикалық тұрғыдан өзара тығыз байланысқан ірі әлемдік торап қалыптастырып келеді.
Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері мен көлік-логистикалық жобалардың болашағы өңір елдерінің өзара сенімі мен экономикалық ынтымақтастығына тікелей байланысты.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.