Әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растады, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengri Life сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы өнер иесі Іnstagram-парақшасында жазба жариялап, көптің қойған сауалына жауап берді.
"Достар, сіздер шындықты білуге лайықтысыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алаңдап жатқандарыңызға рақмет. Сондықтан "рас па, өтірік пе" деген ақпаратты "біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан", - деді ол.
Желі қолданушылары өнерпазды қолдап, түрлі пікір қалдырды.
"Балжан қанша қиындықта үй сатып, пәтерлеп жүргенде жанында жүрді, еркектерге бәрібір екені тағы дәлел", "Өте өкінішті. Әдемі жұп едіңіздер. Алла тіл көзден сақтасын. Қайта қосылуыңызды тілеймін", "Балжан күшті келін бола білді", "Балжан, сен Жаханнан жақсыға лайықсың", "Неге бір-біріңді оңай жібере салдыңдар, арада махаббат қайда қалды? Әлі қосылуды ойланыңдар", - деп жазды олар.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.