Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат әлемуеттік желідегі парақшасында оқырмандардың сауалына жауап берді, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әншінің жары алғаш танысқан кездегі суретті жариялап:
2002 жыл, желтоқсан айы. Біздің алғаш танысқан күніміз. Қыз бен жігіт болып жүрген кездегі фотолар аз. Солардың бәрінің басын құрап, фотосалоннан шығару керек еді, – деп жазды.
Сонымен қатар Мархабат «әнші ауырғанда әйелі тастап кетті» деген өсекке де нүкте қойды.
Мейрамбек ауырған кезде әйелі тастап кетіпті деген сөз жалған. Үйленген күннен бастап, күні бүгінге дейін тастаған емеспін. 20 жылдан аса уақыт бірге келеміз. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, ауырған кезде тастап, жазылған кезде келетін болсам, кім мені қуана қарсы алады, – деп жансырын ақтарды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.