Серіктестер

Башимов: Бұрынғы өкілеттік мерзімдері жаңа тағайындауға кедергі емес

Сараптама Бүгін, 20:15

Заңгер, Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшесі Марат Башимов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 7 шілдеде қабылдаған нормативтік қаулысына түсініктеме беріп, оның құқықтық мәнін түсіндірді.
 

Оның айтуынша, Конституция – ең жоғары заңдық күші бар әрі тікелей қолданылатын құқықтық акт. Ал Конституциялық Сот Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін және оның нормаларына ресми түсіндірме беретін тәуелсіз мемлекеттік орган болып табылады.

Башимовтың айтуынша, Конституциялық Сот Мемлекет басшысының өтінішін қарап, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес қызмет атқарып жүрген тұлғалар 2026 жылғы жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін онда көзделген конституциялық лауазымдарға сайлана немесе тағайындала ала ма деген мәселеге құқықтық баға берген.

Конституциялық Сот қолданыстағы Конституцияда 1995 жылғы Конституция кезеңіндегі қызмет мерзімдерін немесе сол уақыттағы сайлану мен тағайындалу фактілерін есепке алуды көздейтін нормалар жоқ деген қорытындыға келген.

«1995 жылғы Конституция қолданылған кезеңде адамның аталған лауазымдардың бірін атқаруының өзі 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін сол лауазымға қайта сайлануына немесе тағайындалуына конституциялық-құқықтық кедергі болып табылмайды», – деді Башимов Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымына сілтеме жасап.

Заңгердің пікірінше, бұл шешім «жаңа құқықтық кеңістік» доктринасына негізделген. Яғни, жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекеттік билік жүйесін түбегейлі өзгертетін жаңа құқықтық тәртіпті қалыптастырады. Сондықтан бұрынғы Конституция кезеңіндегі өкілеттік мерзімдері жаңа конституциялық жағдайда автоматты түрде есепке алынбайды.

 

Сондай-ақ ол жаңа Конституция тікелей қолданылатын акт болғандықтан, онда белгіленген барлық қағидалар мен шектеулер Конституция күшіне енген сәттен бастап қолданыла бастайтынын атап өтті.

Башимовтың айтуынша, Конституция әрбір азаматқа мемлекеттік лауазымдарға сайлануға тең құқық береді. Бұл құқық қолданыстағы Президентке де бірдей қолданылады.

Қорытындылай келе, Конституциялық Сот 1995 жылғы Конституцияға сәйкес қызмет атқарған тұлғалар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға қайта сайлана немесе тағайындала алатынын ресми түрде түсіндірді. Ал жаңа Конституцияда көзделген шектеулерді қолдану тұрғысынан мұндай сайлану немесе тағайындалу бірінші рет болып есептеледі.

«Енді Конституциялық Соттың шешімдері барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып табылады», – деді Марат Башимов.

Марат Башимовтың ұстанымымен толығырақ оның Facebook-тегі жарияланымынан танысуға болады: https://www.facebook.com/share/p/17gJ9H8qdj/?mibextid=wwXIfr 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.