Серіктестер

Қазақстанда саяси партиялардың қаржыландыруын бақылауды күшейтуді ұсынды

Сараптама Бүгін, 00:11

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталып, олардың ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

 

«Бүгін біздің көз алдымызда әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Біз ұзақ жылдар бойы тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз еткен халықаралық құқық нормаларының әлсіреп жатқанын көріп отырмыз. Әлем күннен күнге тынышсыз және болжауға келмейтін болып барады», – деп атап өтті ол.

Марат Башимовтың сөзінше, сыртқы тұрақтылық мықты ішкі негізсіз мүмкін емес, сондықтан Қазақстанда конституциялық орнқтылықты қамтамасыз ету ерекше мәнге ие болып келеді.

Маңызды қадамдардың бірі ретінде ол бір палаталы Парламентке көшу деп көрсетті, бұл жоғары өкілді органның жұмыс тиімділігін арттырады деп күтілуде. Бұдан басқа депутат шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ шетелдік қатысуы бар отандық заңды тұлғалардың саяси партияларды қаржыландыруына жол бермеу маңызды екенін атап өтті.

«2026 жылғы конституциялық реформа адамның маңызды екенін, мемлекеттік саясаттың ортасында нақты адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті тұратын бағытты жалғастырады. Құқықтар мен бостандықтар адамға туа беріледі, олар мемлекет тарапынан берілмейді. Реформаның негізгі мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару сапасын арттыру», – деп қосты Марат Башимов.

Реформаның негізгі бағдарларын атап өтерде, ол Ұлттық Құрылтайда Президент жариялаған жалпыұлттық құндылықтарды атады: тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақтастық, әділеттілік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық, кәсібилік, жаңашылдық пен шығармашылық.

Марат Башимовтың пікірінше, конституциялық реформа Қазақстанның прогрессивті дамуына жағдай туғызады, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.