Cан-эпидемиялық қызметті цифрландыру қалай жүруде?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 26 шілде, 2023

Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Цифрландыру басқармасының бас сарапшысы Джуманова Алия Кайратовна 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс «Ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысын орындау шеңберінде, сондай-ақ «Таза парақтан» реттеуді енгізу мақсатында «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде (СЭҚ СБӨ). 
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК сервистік интеграторымен бірлесіп конкурстық негізде әлеуетті өнім берушіні іріктеу рәсімі жүргізілді. Әлеуетті өнім берушіні конкурстық іріктеу сервистік бағдарламалық өнімнің прототипін, баға ұсынысын және «CROCUS» ЖШС (Өнім беруші) жеңіп алған жұмыс тәжірибесін бағалау жолымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жұмысын автоматтандыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- санитарлық-гигиеналық қадағалау;
- техникалық регламент;
- талдау.
Жобалауға бекітілген тапсырмаға сәйкес тиісті функционалдар әзірленді, басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері пысықталуда. «Заңды тұлғалар», «Е Лицензиялау», «Субъектілердің, тексеру объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» мемлекеттік дерекқорларымен және Ұлттық сараптама орталығының зертханалық ақпараттық жүйесімен тестілік жүйе аралық интеграциялық жұмыстар жүргізілді. 
Бүгінгі таңда «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да тестіленуде.


Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануға арналған «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімінің сервистері «Smart Bridge» платформасында орналастырылған.


«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін іске асыру бизнесті тексеруді тағайындау кезінде адами факторды болдырмайтын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері негізінде бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыруды қамтамасыз етеді. 


Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қауіпсіз, сапалы және орнықты жүйесін қамтамасыз ететін уақтылы, өзекті, шынайы ақпаратты автоматтандырылған түрде алу мүмкіндігі пайда болады. Елдің барлық өңірлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды объективті талдау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша тиісті басқарушылық шешімдерді кәсіби бағалау және қабылдау жағдайы қалыптасады.

Әлия ЖҰМАНОВА,
Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Цифрландыру басқармасының бас сарапшысы

999

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.