Дархан Сатыбалды Келестегі көпір мен су нысанының жағдайын қадағалады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 4 сәуір, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Келес тұрғындарымен кездесуінде көпшілік тарапынан аудандағы көне көпірдің жағдайы айтылған болатын,- деп хабарлайды turkistan.today.


Ел тілегі ескеріліп, өңір басшысы ол мәселені шешіп берді. Жауапты тұлғаларға берілген нақты тапсырмалар аясында 10 елді мекенді байланыстыратын апатты жағдайдағы көпір толық жаңартылып жатыр. Облыс әкімі бүгін Келес ауданы Жаңадәуір елді мекеніндегі көпірдің құрылысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. 

Әкім жүргізіліп жатқан су арнасының жағалауын нығайту бойынша халықтың ой-пікірін тыңдады. Соған сәйкес «Тұран су» мекемесінің басшылығына нақты тапсырмалар берді. Қауіпсіздікті басты назарда ұстауды ескертті. 

КХ-21 «Бесқұбыр – Жамбыл – Жүзімдік – Жаңадәуір – А15» автожолындағы көпірге бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 54 метрден асатын көпірдің құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Ол үшін облыс бюджетінен 288 176 мың теңге қаражат бөлінді. 

«Корпорация Береке А» ЖШС мердігер компаниясы құрылысты биыл аяқтайды деп жоспарланған. Облыс басшысы көпірдің сапасына мән беруді тапсырды. Тұрғындар талабын ескеруді жүктеді. 

Өңір басшысының жұмыс сапары Жүзімдік елді мекенінде жалғасты. «Казсушар» РМК Түркістан филиалының Оймауыт су бөгетінің жағдайымен танысқан өңір басшысы апатты жағдайдың алдын алу бойынша жұмыстарды қатаң қадағалауды тапсырды.


Су бөгеті 1986 жылы пайдалануға берілген. Су өткізу қабілеті – 285 м3/сек. «Сейсмоқорғау» ЖШС тарапынан зерттеліп, пайдалануға жарамсыз және апатты жағдайда деп танылған. Бөгеттің қайта құру жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, биыл сараптаманың оң қорытындысын алу күтілуде. 

Жоба жүзеге асса, қауіптің алдын алуға мүмкіндік туады. Яғни төтенше жағдайлар болу қаупі жойылады. 2,5 мың гектардан астам суармалы егіс алқабын ағын сумен қамту жақсарады. 

Айта кетейік, жалпы ауданда аумағы 670 мыңдай шақырымды құрайтын 148 каналдың 58 мыңдай шақырымы бетондалған. Сондай-ақ ұзындығы 400 шақырым болатын 144 қашыртқы тіркелген. Ауданда «Ақылбексай» су қоймасы бар. Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру арқылы суармалы жер қайта айналымға қосылып, егістік алқаптарға су беру мүмкіндігі жақсарады. Сондай-ақ сапар аясында ауданда «Үш ағаш» су қоймасын салу мәселесі де талқыланды. Жаңа су қоймасы суармалы жер көлемін арттырып, балық шаруашылығын дамытуға сеп болмақ. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

422

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.