Түркістан облыстық мәслихатының кезекті 26-сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселе қаралды. Депутаттар күн тәртібіндегі 20 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Сессияға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиында алдымен облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды. Мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов өңірдің өткен жылғы және 2026 жылдың жеті айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды.
Сондай-ақ депутаттар Қазығұрт, Төлеби және Түлкібас аудандарына 2025 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа қатысты мәселелерді қарады.
Күн тәртібінде ветеринария, білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары бойынша басқармалардың жұмысы да болды. Тұрақты комиссия өкілдері жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.
Бұдан бөлек, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Депутаттар тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеуге қатысты ұсыныстарды да талқылады.
Сессияда «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту, терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізу және әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын өзгерту мәселелері қаралды.
Әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері бойынша Сауран ауданындағы бірқатар елді мекеннің мәртебесі, Арыс қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау, сондай-ақ облыс аумағын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы талқыланды.
Сессия соңында депутаттар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша шешім қабылдады.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жиын қорытындысында жергілікті атқарушы және өкілді органдардың бірлескен жұмысы өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.