Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына жұмыс сапары барысында аудандағы «сақалды» құрылысты қатаң сынға алды,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы осы аймақтағы өзекті мәселенің бірі болған ағын су нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарын пысықтады. Бүгінде Түлкібас ауданында «Қазсушар» РМК-ы теңгеріміндегі 13 ағын су каналына күрделі жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы қаралған.
Алайда, құрылыс жұмыстары баяу жүргізіліп, кестеге сәйкес атқарылмай, нәтижесінде 125,32 шақырымның 27,75 шақырымы ғана бүгінгі таңда аяқталып отыр. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2023 жылы аяқталуы тиіс еді. 4 ауылды округте 10 ауыл орналасқан.
Қазіргі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алынып, «АТК 777» құрылыс мекемесі жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жауапты тұлғалармен кездескен облыс әкімі кемшіліктер қайталанбауы тиіс екенін қатаң ескертті.
Ауданда 113 канал бар. Күрделі жөндеу жұмыстары кезекпен жүргізіліп жатыр. Құрылыстың ұзаққа созылуы бұл жұмыстарға кедергі болуда.
Республикалық меншіктегі проблемалық 13 су нысаны бар. Олардың басым бөлігі су арналарындағы қайта құру жұмыстарына қатысты.
Түркістан облысында Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларының көлемін арттыру тапсырмасын жоғарғы деңгейде орындауға толық мүмкіндік бар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданында 2023-2027 жылдар аралығына жоспарланған қарқынды бау шаруашылығын дамыту жұмыстарымен танысты. Бүгінде 80 га жерге алма отырғызылған. Алма бағының аумағы биыл тағы 25 гектарға артпақ. Ауқымды жобаға мемлекет қолдау беріп келеді. 4 жыл ішінде оның көлемі 160 гектарға артпақ. Өңір басшысы кәсіпкерлерді көптеп тартуды, таулы аумақта алма бақтарының ауқымын арттырып, агрокластер құруды тапсырды.
Елімізде су шаруашылығы саласын ауқымды трансформациялау негізінен үш бағытта жүріп жатыр. Біріншісі – суды үнемдеу саясатын қалыптастыруға, сұранысты басқаруға, тазартылған сарқынды суды қайта пайдалануға түбегейлі жаңа нормативтік-құқықтық база құру. Содан соң, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту, озық су үнемдеу технологияларын енгізу, цифрландыру жүйесін күшейту. Сондай-ақ жаңа тарифтік саясат пен су үнемдеу мәдениетін енгізу. Үшіншісі – көршілес мемлекеттермен трансшекаралық ынтымақтастықты күшейту.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.