Түркістан қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен экономикалық саясат пен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған кеңейтілген кездесу өтті, деп хабарлайды «Turkistan Today».
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, облыстық маслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті мемлекеттік орган өкілдері, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.
Күн тәртібінде салық саясаты және бизнесті қолдау, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жиынды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ашып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салық жүйесін жетілдіру және бизнеске қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті. Шағын және орта бизнесті дамытуда ауыртпашылықтар алынып, жаңа кәсіп бастап жатқан азаматтарға көмек көрсетілетінін жеткізді. Жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру, ел экономикасын көтеру – басты басымдық екенін айтты.
ҚР Қаржы вице-министрі жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіріп, бизнесті қолдау, оның ішінде, арнайы салық режимдері, ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі, әкімшілендіруді жеңілдету туралы толық ақпарат берді.
Жаңа кодексте салық жүйесін жеңілдетуге бағытталған бірқатар негізгі өзгерістер көзделген. Соның ішінде, салықтық есептілікті 30%-ға қысқарту, салықтардың санын 20%-ға азайту, салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру, дифференциалды ставкаларды енгізу, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сән-салтанат заттарына салық жүктемесін арттыру және басқа да өзекті міндеттерді шешу қаралған.
Жиын соңында кәсіпкерлер көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Өзекті мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жекізді. ҚР Қаржы вице-министрі бизнес өкілдерінің сұраныстары штаб отырысында талқыланатынын жеткізіп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.