Кастрация керек пе? Түркістан облысында 14 жастағы қызды бірнеше жігіт зорлаған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 12 қазан, 2023

Түркістан облысында 14 жасар қызды бірнеше жігіт зорлаған. Оны қыздың құрбылары телефонға камераға түсіріп алған. Күліп, мазақ қылған – деп күйіне жазды белгілі қоғамдық пікір көшбасшысы Оңғар Қабден өзінің фейсбук парақшасында, деп хабарлайды Turkistan Today.

Оның жазуынша, жігіттер қызды зорлап болған соң, екі күн бойы қамап ұстаған. Қыздың әке-шешесі полицияға арызданып, полиция тапқан қызды.
Енді қылмыстық іс қозғалғанда жігіттердің бірінің туыстары құда түсіп келіп отыр екен. Он төрттегі қызға!

 
Оңғар Қабден өз постында «ана камераға түсіріп тұрған қыздарға да іс қозғалу керек! Қызды үйінен алып шыққан солар дейді жәбірленуші. Бесіктен белдері шықпай жатып, не деген қатігез қыздар?» - деп өз ойын қорытындылаған.

Белгілі әнші Күнсұлу: Түрікпен неге Түркістан тағы? – деп пікір жазса, танымал әлеуметтік желі қолданушысы Нағима Барақ: Сол облыстан тағы бір он төрт жасар қызды пәлен ай бойы студент жігіт қорқытып, зорлап келген деген тағы бір хабар шықты – деп жазған.

Соңғы кездері Түркістан облысында қылмыстық жағдайлар көбейіп кетті. Жас балалар мен қыздарға қорлық көрсететін азғындық та артып барады. 

Заман өзгерді ме, әлде адамдар бұзылды ма?  Бұлай бола берсе, елімізде тек зорлайтындар мен қорлайтындар және пара ала беретіндер көбейіп кетпей ме? Бәлкім, адам зорлайтын қылмыскерлерді дамыған Еуропаның Польша еліндегідей балалар мен кішкентайларға азғындық көрсеткендерді жаппай кастрациялап (қазақшасы - піштіру) тастайтын тетік керек болар?!

Фото: abomus.co.il

2.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.