Темекі шегетін және шекпейтін адамдар арасында үнемі келіспеушіліктер болып жатады. «Неге мен көшеде келе жатқанда түтінді жұтуым керек, олар менің құқығымды шектеп жатыр!», – дейді салауатты өмір салтын ұстанатындар. Никотинге құмар адамдар да темекі шегуге құқығым бар дейді. Бірақ Қазақстанда заң бойынша темекі шегу қатаң тыйым салынған орындар бар.
Қазақстанда Халық денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бар. Осы құжаттың 110-бабының 5-тармағында темекі шегуге қатаң тыйым салынған орындар көрсетілген.
Олар:
Осы жерлерде темекіден бөлек қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық сигареттер мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға болмайды.
Заңда көрсетілген орындардан басқа жерлерде темекі шегуге болады. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында және қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегу үшін арнайы жерлер болса, түтінді будақтауға рұқсат бар. Бірақ арнайы жерде «Темекі шегуге арналған орын» деген жазу болуы шарт.
Қоқыс салатын урнаның қасында темекі шегуге болады. Бірақ сол урна кодекстің 110-бабының 5-тармағында көрсетілген орындардың аумағында тұрса, темекі тартуға тыйым салынады. Ал жеке меншік аулада, мәселен, саяжайда немесе пәтерде ешқандай шектеу жоқ.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабында тыйым салынған орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Жеке тұлғаларға 15 айлық есептiк көрсеткiш (51 750 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады. Құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың көлемі 20 АЕК-ке (69 000 теңге) дейін өседі. Ал ұшақта темекі шеккені үшін 50 АЕК (172 500 теңге) төлеуге тура келеді.
Жұмыс берушi тыйым салынған жерде темекі шеккен адамға қатысты шара қолданбаса, оған да айыппұл салынады.
– лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 25 АЕК (86 250 теңге);
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК (138 000 теңге);
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК (207 000 теңге);
Көлік салонында кәмелет жасқа толмаған балалар отырғында темекі шеккені үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Осы заңсыз әрекет бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың мөлшері екі есеге артады.
Дереккөз: sputnik.kз
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.