Қазақстанда соңғы бірнеше жылда алғаш рет бау-бақша қысқарды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сараптама 15 тамыз, 2023

Қарбыз ең көп өңір — Түркістан облысы

Қазақстанның бау-бақша өсірушілері орақ науқанын бастады. Оның нәтижесі туралы айту әлі ерте, бірақ маусымның соңында қауын-қарбыздың жалпы өнімі бір жыл бұрынғыдан көп болады деген болжам бар. Бұл туралы кейінірек, алдымен жағымсыз жаңалық туралы айтайық. Былтыр диқандар үшін оңай болған жоқ, Қазақстанда соңғы бірнеше жылда алғаш рет бау-бақша өнімдерінің жалпы жиыны азайды. Шаруа қожалықтары 2,6 млн тонна өнім алған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,1% аз. Жалпы, қауын-қарбыз 2017 жылдан бері алғаш рет азайған, оған дейін көрсеткіш тек өсіп отырды., деп хабарлайды Turkistan Today.

Қазақстанда қарбыз ең көп өңір Түркістан облысы. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұнда барлық бау-бақша өнімдерінің 59%-ы өсіріледі. Екінші орындағы Жамбыл облысының үлесі 19,7%, үшінші орында Қызылорда (6,9%).

Былтыр қауын-қарбыздың азаюына бірнеше себеп болды. Біріншіден, бау-бақша дақылдарының егіс алқаптары 8,9% қысқарды. Бұл 2017 жылдан бері бұрын-соңды болмаған төмендеу. Қауын-қарбыз алқаптары шамамен 10 мың гектарға азайып, 100,3 мың гектар болды. Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспары бойынша, бау-бақша өсірушілер егістікті бұрынғы көлемге дейін көбейтіп, 109,8 мың гектарға жеткізуі тиіс болатын. Бұл іс жүзінде орындалды ма, жоқ па, жыл соңында өсімдік шаруашылығындағы нәтижелерді жалпы қорытындылаған кезде ғана белгілі болады.

Екіншіден, былтыр бау-бақша дақылдарының түсімі азаюына оңтүстіктегі жекелеген аудандарда өсімдіктерді суару мәселесінің туындауы себеп болды. Кейбір шаруалардың «КазВодХоз» серіктестігіне берешегі салдарынан су тапшылығы туындады. Сонда диқандар аптап ыстықтан егістік күйіп, жемістер піспей жатқанын айтты.

Биыл бау-бақшамен айланысушылар жұмыстарындағы қиындықтарға өндіріс шығындарының айтарлықтай өсуі де қосылды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында бағбандар былтырғымен салыстырғанда шығындарының төрт есе өскенін айтып шағымданды. ҚР СЖРА ҰСБ есебі де Қазақстанда бау-бақша өсіруге кететін шығындар шынымен де өскенін, бірақ соншалықты емес екенін растайды. 2017–2022 жылдар аралығында ешқашан еселеп өскен жоқ дейді. Барлық шаруа қожалықтары бойынша былтыр жалпы шығын шамамен 6 млрд теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда үштен бірге көп. Бір жыл бұрын өсім 25,5% болған.

АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл бағбандарды қолдауға ел бюджетінен 6,5 млрд теңге бөлінген. Ақша минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға, пестицидтерді сатып алуға кеткен шығындарды және басқа да шығындарды өтеуге жұмсалуы керек.

Шаруалар айтқан тағы бір мәселе — Ресей рублінің құнсыздануы. Қазақстандық диқандар көрші елдің валютасының құбылмалылығына алаңдаулы, өйткені олар өнімін Ресейге экспорттағандықтан тауардың құнын рубльмен төленеді. Айта кетерлігі, бұл шаруалардың кейбірінің ғана мәселесі, себебі Қазақстаннан бау-бақша өнімдерінің аз ғана бөлігішетелге экспортталады. Мәселен, былтыр жиналған 2,6 млн тоннаның 39,7 мың тоннасы ғана шетелге сатылған, яғни 1,5% ғана. Негізгі сатып алушылар Ресей мен Беларусь.

ҚР СЖРА ҰСБ мәліметінше, өнімнің жеке түрлері ресурстарының тепе теңдігіне және пайдаланылуына қарағанда, Қазақстан өз нарығын қауын-қарбызбен толықтай дерлік қамтамасыз етеді. Сатылымдағы ішкі өнім үлесі 99,1%. Импорт айтарлықтай аз: былтыр 62 мың тонна болды. Ал оның ішкі нарықтағы үлесі 1%-ға жетпейді. Импортталатын қауын-қарбыз негізінен Өзбекстаннан әкелінеді.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.