Қазақстандықтар секонд-хендтен киім алуды азайтып, оған сатуды көбейтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 14 маусым, 2023

Экспортқа еуропалықтардан келген киім емес, қазақстандықтардан қалған киім кетеді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Соңғы үш жылда Қазақстан секонд-хенд экспортын 60 еседен астамға арттырды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, былтыр ҚР-дан басқа елдерге 51,8 мың тоннаға жуық пайдаланылған киім-кешек және басқа да пайдаланылған заттар жөнелтілген. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстаннан шетелге қайта өңделетін киімді сатудың физикалық көлемі небәрі 833 тоннаны құраған. Жеткізу көлемінің ұлғаюы 2021-2022 жылдары болды.

2022 жылы қазақстандық секонд-хенд компаниялары импорттаушылардан 2,3 млн АҚШ долларын алды. Бұл Қазақстанның Еуропадан ескі киім сатып алғаны үшін төлейтін ақшасымен салыстырғанда көп емес. Былтыр Қазақстандағы импортталған секонд-хенд тауарының бір тоннасының орташа құны 2,2 мың АҚШ долларын (немесе килосына 2,2 АҚШ доллары) құрады. 2022 жылы Қазақстаннан жөнелтілген киілген киімдердің бір тоннасы 45 АҚШ долларын құрады. Бәлкім, қазақстандықтар үшін киімді секонд-хендке өткізу ақша табу жолы емес, гардеробты босату амалы ғана болуы мүмкін.

Қай елдер Қазақстаннан секонд-хенд сатып алады? Олардың саны 37. Экспорт ТМД елдері мен Еуропаға, АҚШ-қа, тіпті Аустралияға дейін жетеді. Бірақ біздің негізгі нарық — Орталық Азия. Қазақстаннан шыққан барлық киілген киім экспортының 98,3%-ы Тәжікстанға жіберіледі. Былтырғы 51,8 мың тонна жалпы көлемнің 50,9 мың тоннасы осы елге жөнелтілді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикасына сүйенсек, Қазақстаннан Тәжікстанға секонд-хенд экспорттау өткен жылдардан бері бар. БАҚ-тағы жарияланымдарға қарағанда, Тәжікстандағы секонд-хенд жертөледегі ескі дүкендер емес. Ондағы ірі қалаларда киілген киімдерді сатуға мамандаған дүкендер желісі, тіпті сауда орталықтары да бар.

Өзбекстанның үлесі 1,7%. 2022 жылы онда 858 кило киілген киім жөнелтілді.

Соңғы бес жылдағы импорттың кедендік статистикасы ҚР-ға пайдаланылған киімді импортының азайғанын көрсетеді: жыл сайын 1,2 мыңнан 2 мың тоннаға дейін. 2022 жылы импорт көлемі 1,8 мың тоннаны құрады (2021 жылмен салыстырғанда 11,9% азайған). Пайдаланылған киім-кешек бағасының өсуіне байланысты, тіпті осы заттарды сатып алу көлемі аз болса да, Қазақстан былтыр 2021 жылмен салыстырғанда 19,4% көп төледі: 3,9 млн АҚШ доллары.

Бір қызығы, Қазақстан екінші қолдағы тауарларды өзі сатып алғаннан бірнеше есе көп сатады. Салыстырыңыз: 1,8 мың тонна импортқа қарсы 51,8 мың тонна экспорт. Бұл ҚР еуропалық қайта өңделетін киімдерді Орталық Азияға паралель сатумен айналыспайтынын көрсетеді.

Қазақстанға киілген киімдерді сатушы Еуропа елдері. Былтыр салмақпен өлшенетін киімдердің барлық импортының жартысынан көбі Нидерландтан (24,5%) және Германиядан (30,9%) келді. Одан кейінгі орында Ресей (11,7%). Қазақстан сонымен қатар Бельгия, Финляндия, Литва, Беларусь елдерінен де сатып алады.

Импортталған секонд-хенд киімдерінің тоннасы ең қымбат Финляндия: 6,8 мың АҚШ доллары. Бельгиядан (3 мың АҚШ доллары) және Нидерландтан (2,9 мың АҚШ доллаыр).

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.