ҚР-дағы «есірткі сатушы» өңірлер: мұндай қылмыс қай облыстар мен қалаларда көп кездеседі?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 қыркүйек, 2023

Қазақстандықтар есірткіге масаң күйінде қаншалықты жиі заң бұзады? деп хабарлайды Turkistan Today.

Биыл қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК № 297 бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша 1,3 мың құқық бұзушылық тіркелді. Көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,7% артты.

Өңірлер бойынша мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 184 оқиға, жыл сайынғы өсім 53,3%. Одан кейін Астана (101 іс, 17,2% азайған), Қостанай (94 іс, 38,2% көбейген), Жамбыл (81 іс, 22,9% азайған) және Солтүстік Қазақстан (78 іс, 5,4% көбейген).

Мұндай құқықбұзушылықтардың ең азы Түркістан және Ұлытау облыстарында тіркелді: әр облыста небәрі 19 істен.

Биыл сегіз айда 413 адам есірткі немесе уытқұмарлық масаң күйде құқық бұзушылық жасаған, бұл былтырғыдан 16,9% аз.

Мұндай құқықбұзушылыққа барғандардың ең көп саны Батыс Қазақстан облысында тіркелді: бір жыл бұрын 91 болса, биыл 59 адам. Одан кейін Ақмола (47 адам) және Ақтөбе (45 адам) облыстары. Ең төменгі көрсеткіш Қостанай облысында байқалды: бір жыл бұрынғыдай 3 адам ғана.

Есірткі сату және осы саладағы басқа да осыған ұқсас құқық бұзушылықтар бойынша көшбасшы Алматының өзінде бір жыл бұрынғы 9 адам ұсталса, биыл 16 адам ұсталды.

Барлық құқық бұзушылардың 63,7%-ы есірткілік мас күйінде есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымы үшін ұсталды: 263 адам — былтырғыдан 16% аз.

Одан кейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі (50 адам) және өткізу мақсатында есірткіні заңсыз өндіру және сақтау (46 адам).

Есірткі немесе уытқұмарлық масаң күйде құқық бұзушылық жасағандардың арасында кәмелетке толмағандар былтыр 1 адам болса, биыл 2 адам. Екі жасөспірім қолданғаны үшін ұсталды.

ҚР Ішкі істер министрлігі мектеп оқушыларының есірткі тұтынуын жүйелі түрде тексеру мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz. Заңнамалық базаны 2024 жылы қалыптастыру жоспарлануда.

646

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.