Орын жетпейтін, тозған және апатты: ҚР-дағы мектеп мәселесі қалай шешіліп жатыр?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 28 ақпан, 2023

ҚР-да мектеп тапшылығы, қолданыстағы мектептерде орын жетіспеушілігі, сондай-ақ апатты және тозығы жеткен мектептердің болуы өзекті мәселелердің бірі, деп хабарлайды Turkistan Today.

Мәселен, тәуелсіздік жылдарында республика бойынша мектептер желісі 1,4 мыңға — 9 мыңнан 7,6 мыңға дейін қысқарды. Бұл негізінен келешегі жоқ елді мекендердегі шағын мектептердегі оқушылар санының қысқаруына және мектептердің жабылуына байланысты болды. Оқушылар саны 3,7 млн адамға жетті, оның 2,2 млн-ы қала мектептерінде, 1,5 млн-ы ауылдық мектептерде. 2022 жылы оқушылар орнының тапшылығы 270 мыңды құрады, оның 174 мыңы қалада, 96 мыңы ауылдарда.

Сонымен қатар, болжам бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарында оқышулар саны 4,3 млн-ға, ал орын тапшылығы 1,12 млн-ға жетпек. Естеріңізге сала кетейік, ҚР-да «100 мектеп құрылысы» жобасы аясында оқушыларға жаңа орындар ашылып жатыр. Соның арқасында 2021-2022 жылдары орын тапшылығын 320,6 мыңға азайтуға мүмкіндік береді деп болжанған. Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін болжамды тапшылық 797,3 мың орынды құрайды.

Жағдайды түзету мақсатында ҚР-да «Жайлы мектеп» ауқымды ұлттық жобасы іске қосылды. Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан бойынша 401 жаңа мектеп салынады. Бұл 800 мыңнан астам заманауи оқушылар орнын құруға және үш ауысымды толығымен жоюға мүмкіндік береді.

Some Image

Мектептер ҚР барлық өңірлеріндегі қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады, бұл оқушылар мен мұғалімдердің құрал-жабдықтарға, зертханаларға, интернетке қолжетімділігі жағынан өңірлер мен ауыл мен қала арасындағы қалыптасқан теңсіздікті жоюға және сапалы білім алу үшін қажетті басқа да ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының нысаналы құрылысы дирекциясы — Samruk-Kazyna Construction. Кәсіпорынға тапсырыс берушінің функциялары берілген, құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімдер мен талаптарға сәйкестігін бақылайды, мердігерлерді таңдауда ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді, нысандардың сапалы және уақтылы іске қосылуына жауап береді.

Жаңа мектептер жеті түрлі болады: 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 орындық. Олардың әрқайсысында робототехника кабинеті, бірнеше зертхана, 88 шаршы метрді құрайтын хореография залы, үш коворкинг алаңы (бастауыш сынып оқушылары, орта мектеп оқушылары және мұғалімдер үшін). Сондай-ақ мектептерде бастауыш сыныптар (9х18 м) және орта және жоғары мектеп (36х18 м) үшін жеке спорт және жаттығу залдары болады.

Әр сынып интерактивті тақтамен және компьютермен жабдықталған. Жаңа мектептер де ерекше балалар үшін кедергісіз орта құруы керек: арнайы пандустар, лифттер, дәретханалар, инклюзивті білім беру бөлмелері болуы шарт.

Some Image

Samruk-Kazyna Construction компаниясы құрылыстың егжей-тегжейлі жоспарын жасап қойған. Мектептердің көпшілігі оқушылар орнының тапшылығы өткір тұрған жерлерде салынады. Бұл Алматы (63), Түркістан (63) және Маңғыстау (24) облыстары, сондай-ақ Шымкент (25), Астана (24) және Алматы (22) қалалары. Қалған мектептер бүкіл Қазақстан бойынша, соның ішінде ауылдық жерлерге тең таралады.

Ескерту: Болжам бойынша дәл осы 6 өңір 2026 жылдың басына қарай ҚР-дағы оқышулар орындардың жалпы тапшылығының 60%-ын (ал қазіргі уақытта тапшылықтың 61%-ын немесе 164 мың орынды) құрайтын болады.

Сондай-ақ, Алматы және Түркістан облыстарында күрделі жөндеуді қажет ететін ең көп апатты мектептер бар: 2022 жылдың басындағы күндізгі мектептер арасында сәйкесінше 112 және 50.

Some Image

Еске салайық: 2022 жылдың басына қарай бүкіл елде 6,9 мың күндізгі мемлекеттік мектеп болды — бұл күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 93%-ы және республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінің 92%-ын құрайды. Мемлекеттік күндізгі мектептердің 476-сы немесе 6,8%-ы күрделі жөндеуді қажет етеді, тағы 35 мектеп, яғни 0,5%-ы апатты жағдайда болды.

2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, 37 мектеп апатты деп танылды. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 710 мектеп тозған, 177 мектеп пайдалану мерзімі 70 жылдан асып кеткен. ҚР-дағы мектептердің 239-ы саманнан, 69-ы ағаштан, 5-і қамыстан салынған. 40 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Сонымен қатар, 142 мектеп (немесе жалпы мемлекеттік күндізгі мектептердің жалпы санының 2,1%-ы) үш ауысымда білім береді (2021 жылдың аяғында мұндай мектеп 169 болды).

Some Image

Орта білім беру жүйесінің мәселелері жүйелі түрде айтылып, жазылады, соның ішінде бізде де (123). Енді «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қабылдануымен бұл мәселе түпкілікті жүйелі шешімін тапты.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.