Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесінде түйткілді мәселелердің басын ашты – деп Turkistan Today хабарлайды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өзінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Парламент сессиясында көтерілген тақырыптар айқындалып, депуттар өз міндеттерін атқаруда – деген әкім орынбасарының желідегі жазбасын төменде толық бердік.
Өзге өңірдің облыс әкімдерінің де жазбалары болса, Ермахан Ибраимов ағамыз айтпақшы, неге соны жасамасқа?! Редакцияға жазсын, жариялаймыз.
Сөзден іске көшуді үнемі ескертетін Президент бұл кеңесте де еліміздің даму барысында табандылық пен жауапкершілік қажеттігін жеткізді. Расымен де ірі кәсіпорын иелері ұлттық бизнес-элитаға айналуы үшін алдымен кәсібін өз Отанында ілгерілеткені жөн.
Мемлекеттің қолдауы, арнайы бағдарламалары мен тұтынушылары бар елде тартынатын кезең емес. Осы тұста бізге тың идеялар ұсынып, ерекше өнімдерді шығаратын азаматтар керек. Егер отандық өнімдер сапалы өндірілсе, әрине тауарлар өз тұтынушысын табады. Бірақ кәсіпкерлікте адал еңбек ету басты қағида болғаны жөн.
Кеңесте сөз болған білім саласына қатысты пікірлер өте орынды. Балалардың білім сапасын біржақты бағаланатыны жасырын емес. Кейде сәйкес келмей жатады. Бұл бойынша Үкімет тиісті әрі нақты шешімдер қабылдайды деп сенеміз. Иа, елімізде әлімжеттік, тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр. Түркістан облысында бұл бағыт бойынша жауапты орындармен бірлесіп арнайы базаны іске қосуды жоспарлаудамыз.
Өткен апта жастарды жұмыспен қамту, оларға арналған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, бизнеске тарту, несиелерді алуға көмек көрсету жөнінде жүйелі шаралар қолға алынды. Қазір барлық деңгейдегі «Жастар ресурстық орталығының» мамандары үй-үйді, көшелерді аралап, түсіндірулер жүргізуде. Президент жастардың мамандық таңдау аясын кеңейту туралы да ойын білдірді. Ақпараттық технологиялар сұранысқа ие сала ретінде ғана емес, өзектілігімен де маңызды болып отырғанын айтты.
Бүгінгі кеңесте Мемлекет басшысы жаңа жұмыс орындарын тұрақты негізде ашуды және әкімдердің атқарылған жұмыстарды баяндап отыруды жүктеді. Сондай-ақ ауылдарды интернетпен қамту проблемасы да тек жергілікті жерлердегі отырыстарда емес, осындай маңызды жиындардың да басты тақырыбына негіз болып, шешімін күтуде.
Қ.Тоқаев «Стратегиялық нысандар» ұғымының орнына аймақтық маңызы бар стратегиялық нысан ұғымын енгізуді ұсынды. Төтенше оқиғалардың алдын алу үшін апаттық жағдайдағы және қараусыз қалған нысандарды бақылауға алуды тапсырды.
Ел тұрғындары коммуналдық қызметтерді пайдаланғанда ысырапшылдықтан үнемшілдікті өмірлік қағидаға айналдыруы тиіс екені де айтылды. Ауыз су тапшылығының бастапқы шешімі осы деп ойлаймын.
Депутаттар жергілікті атқарушы органдармен де, халықпен де тығыз байланыс орнатып, қоян-қолтық іс жүргізсе бірқтатар түйткілдер шешімін табатыны анық. Ауыл әкімдері тікелей халықтың таңдауымен сайланды. Мұндай сайлау жүйесі жалғасын тауып, осылайша азаматтарымыз өздері сенім артқан билік өкілдерімен өзара қарым-қатынасты нығайтуына бағытталған пилоттық жоба проблемалардың шешілуіне ықпал етеді.
Ендігі кезекте аудан және облыстың маңызы бар қала әкімдерін сайлауын өткіземіз. Мұның барлығы ел билігін аймақтардың өзіне беру мақсатында іске асырылып отыр.