SHAI.PRO компаниясы Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы ең маңызды оқиғалардың бірін – “Leaders in AI” форумын сәтті өткізді. Бұл форум саланы дамытуға және корпоративтік секторға AI-шешімдерді енгізуге бағытталған ауқымды бағдарламаның кульминациясы болды,- деп хабарлайды turkistan.today
Форум қарсаңында елдегі ең ірі AI-Hackathon by SHAI.PRO өтті. Ол жетекші университеттердің студенттері мен компания қызметкерлерін біріктіріп, бірнеше күн ішінде SHAI.PRO AI-платформасы мен агенттері негізінде тәжірибелік шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді. Қатысушылар қаржыдан білімге, өндірістен мемлекеттік секторға дейінгі салаларды өзгертуге AI-технологиялардың әлеуетін көрсетті.
Хакатон жеңімпаздары форумның басты сахнасында салтанатты түрде марапатталды. Бұл жас таланттар мен корпоративтік сектор көшбасшылары арасындағы сабақтастықты айқындады.
Форум топ-менеджерлерді, квазимемлекеттік компания өкілдерін, халықаралық сарапшыларды және бизнес көшбасшыларын біріктірді. Іс-шарада мынадай негізгі мәселелер талқыланды:
• корпоративтік процестерге AI енгізу стратегиясы,
• бизнесті жаңғыртудың жаңа тәсілдері,
• халықаралық трендтер мен жаһандық технологиялық дамудағы Қазақстанның рөлі.
«Біз бұл жолды хакатоннан бастадық, өйткені жас мамандар мен компания қызметкерлеріне өз күшін сынауға мүмкіндік бергіміз келді, – деді Алибек Полатов.
Ал оны форуммен аяқтадық, мұнда саланың болашағы топ-менеджмент деңгейінде талқыланды. Бұл Қазақстанда толыққанды AI-экожүйесін құруға жасалған жүйелі қадам»,- деді SHAI.PRO компаниясының CEO-сы.
“Leaders in AI” форумы бизнес пен технология ашық диалог құрған алаңға айналды, ал Қазақстан аймақтағы AI-шешімдерді дамытудағы өсу нүктесі ретіндегі мәртебесін растады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.