Түркістан облысының Отырар ауданында «Түркістан тоқыма» ЖШС-нің тағы екі мақта өңдеу зауыты жұмысын бастады. Осылайша, кәсіпорын құрамындағы төрт зауыттың барлығы пайдалануға берілді.
Жаңа өндіріс орындары Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты Сырдария елді мекенінде, «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 17,1 млрд теңгеден асады.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, зауыттар жылына 320 мың тонна мақта шикізатын өңдеп, 110 мың тонна мақта талшығын өндіруге қауқарлы. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар үшін 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылған.
Кәсіпорындарда мақтаны тазалау, кептіру, талшығын тұқымынан ажырату және дайын өнімді қаптау жұмыстары заманауи қытайлық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа өндірістердің іске қосылуы мақтаны терең өңдеу көлемін ұлғайтып, өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.