Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басталғаны белгілі. Соның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды turkistan.today порталы.
Науқанның бірінші аптасы, 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» ұранымен Арыс қаласы мен ауылдарда тазалық акциясы өтуде. Оның аясында, қала ішіндегі аяқ су жүретін арық-атыз көздері аршылып тазалануда. Және орталық көшелер мен саябақтарда түнгі жарықшамдар ретке келтіріліп, шым төсемелер қырқылып ретке келтіріліп жатыр.
Бұдан бөлек, жолдағы қозғалыс пен жүргіншілерге қиындық туғызатын тал-дарақтарды күзеу, әктеу жұмыстары да қарқын алды.
Бұл жұмыстар қаланың жасыл белдеуге айналып, халықтың денсаулығын жақсартып, ауаны тазалауға оң әсер етері сөзсіз.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.